Адам болам десеңіз...

Адам болам десеңіз...
жеке
блог

   Әр кезеңдегі философтар адам болып қалудың жолдарын қарастырып, әртүрлі  пікір білдірген.

   Осы кезекте Абайдың XIX ғасырда адамдардың мінез-құлықтарының өзгеріп бара жатқанын  көріп, «Толық адам» тұжырымдамасын жасаған. Толық адам болу үшін алдымен Құдайды – Алла Тағаланы; өз-өзін; содан кейін дүниені –  тану,  қазіргі өмірімізге  керек деген. Жақсы мен жаманды айыра білу де маңызды. Міне, толық адам ілімі осы дүниелерге тіреледі. Абай өз еңбектерінде адам болудың жолдарын нақты көрсетіп кеткен. Адам болуы үшін алдымен мал табу, яғни еңбек ету  керек. Мал не үшін керек дегенде, адам баласы материалдық тұрғыдан өз жағдайын жөндеп алмағанша, ғылым да өнер жоқ дейді. Ойшыл оны өз қара сөзінде адам Құдайдан мал сұрайды, бірақ оны беріп тұрғанын білмейді деген.

    Адам дүниеге адам болуы үшін келген. Осы кезде "болу" дегеніміз - бүкіл жан дүниеміздегі қабілеттерді ашу. Абай өз шығармаларында, қара  сөздерінде адам болудың нақты жолдарын атап көрсетіп кеткен. Адам жан мен тәннен  тұрады.

   Жеке-жеке түзеліп, “бес нәрседе қашық болып, бес нәрсеге асық болып” рухани дамып, жақсы мен жаманды, оң мен солын түсініп, өмірде тетігін тауып, қаланған адамды толық адам десек артық айтпаспыз. Жақсылықты, адамдықты ту еткен ұлы данышпанымыздың “адаспай тура жол ізде” деген ақылы, яғни “толық адам” бол, сананы ізгілікке қарай өзгертуді басты орынға қойған.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

Шет тілі: Екі шет тілі мамандығы

1 курс магистранты 

Жазира Мусаева