Адам бола білу - ең қиын мамандық!

Мамандықтың ең қиыны - адам бола білу, яғни белгілі бір тұлға ретінде қалыптасу. Сәби ең алғаш дүние есігін ашқаннан соң тұлға ретінде,қоғамның бір мүшесі ретінде есептеледі. Осы сәттен бастап адамның рухани жағынан дамуы басталады. Адамның адам болып қалыптасуында ең бірінші тәрбие басты рөл атқарады.Кішкене кезінен бастап ата-ананың, мектепте-ұстаздың, айналады-жалпы қоғамның, жаныңда-достың тәрбиесі адам болып қалыптасудың басты іргетасын қалайды. Адам тәрбиенің арқасында өзінің ұстауды, сөйлеуді, рухани мәдениетті, әдепті үйренеді, өзін тұлға ретінде қалыптастыра бастайды. Әр адам қайталанбас тұлға. Демек,осы қоғамды өмір сүріп жатқан әрбір адам өзінше ерекше. "Адамның ойы да көркем, бойы да көркем",- деп Ғ.Мүсірепов айтқандай ойлы,бойлы,саналы,сапалы адамның көбеюі қоғамның мақтанышы. Кейінгі ұрпаққа өнеге боларлықтай саналы адам қалыптастыру-қоғам міндеті.



Бөлісу: