«Ол адам баласын бір тамшы (ұрық) судан жаратты…»
(«Нахл» сүресі, 4-аят)
Адам денесінің үштен екі бөлігі судан тұрады. Мидың 85 пайызы, қанның 90, бұлшық еттің 75, бүйректің 82, тіпті сүйектердің 22 %-ы судан тұратыны анық. Адам ас ішпей 3-4 апта өмір сүре алады. Ал сусыз 1 апта да өмір сүру мүмкін емес. Сондықтан су – өмір тынысы.
Біз күнделікті өмірде «су» ішкеннен гөрі шәй немесе кофе, түрлі газдалған сусындарды тұ-тынғанды жөн көреміз. Таңертеңгі асқа кофе, түскі асқа шәй немесе түрлі-түсті сусындарды ішкіміз келеді. Кешкі ас та солай. Ал мұндай сусындардың пайдасынан гөрі зияны көп. Бұл туралы әлемге танымал дәрігер – доктор Ферейдун Батмангелидж бір кесе судың адам денсаулығына пайдасы жайлы былай дейді:
«Су – сүйекті ылғандандырып, буын ауруларынан сақтайды.
Су – адамның иммундық жүйе-сін күшейтіп, түрлі вирустар мен бактерияларға қарсы қорғану қабілетін күшейтеді.
Су – қанның қоюлануының, жүрек, ми ауруларының алдын алады.
Су – мидың есте сақтау, ақыл-ой қызметінде маңызды рөл атқарады.
Су – мінез-құлыққа да әсер етіп, қауіпті аурулар – Альцгеймер, Паркинсонның (психологиялық аурулар) алдын алады.
Су – адамның түр-келбетін жақсартып, терінің ерте әжім-денуінен сақтайды».