Адам ағзасындағы тегін дәрумен
блог
Адам ағзасындағы тегін дәрумен ол – күлкі. Күлкі арқылы адам демалады, бақытты болады, бет бұлшық еттерін жаттықтырады. Соның арқасында өміріде ұзарады. Дана Абайдың өзі төртінші қара сөзінде - «Үнемі уайым-қайғыға жан шыдай ала ма екен? Үнемі күлмей жүре аламыз ба, үнемі күлмей жүруге жөн шыдай ма екен? Жоқ, мен үнемі уайым-қайғыменен бол демеймін…» деп күлкінің маңызын атап өткен екен. Яғни, қай кезде болмасын күлкі күйзеліс пен стресстен шығып, жақсы өмірге жетелейді. Тіпті ауру-сырқатты емдейтін күші де бар. Ал, оны ғылымда дәлелдеген Норман Кузинс деген журналист болатын. Бірақ, тарихта ол «өлімді күлкімен жеңген адам» ретінде танылған. Ол сирек кездесетін буын ауруымен ауырып, жүре алмай, тамақ іше алмай қалады. Тіпті, дәрігерлердің өзі оны емдей алмайтынын айтады. Сол уақытта ол күлкіні пайдануға шешті. Себебі, күлкі оған сол кезде адам ағзасындағы тегін дәрумендей көрінді. Сөйтіп, бөлмеге қамалып алып, бірнеше сағат бойы комедияларды көре бастайды. Нәтижесі бәрінде таң қалдырды. Бір аптадан кейін науқастың ауруы басылды, бір айдан кейін ол қозғала бастады, ал екі айдан кейін ол жұмысқа қайта оралды. Сөйтіп, ол медицинаға күлкі терапиясын енгізді. Бұдан түйетін ой, ауырып ем ізденген ше, ауырмайтын жол іздейік. Яғни, күліп жүрейік. Өйткені, күлкі- өміріміздің кілті.
Гүлжан Кенжебек