Адалдық

Адалдық
жеке
блог

Кейде ойлаймын осы "адалдық" деген не және оны кім үшін сақтайды?.. Өзіңізге осындай сұрақ қойып көрдіңіз бе? Иа, қойып көргем және бастысы өзім үшін деп жауап беретіндерге: 

Ол жігітті сүйесің... Ол үшін отқа да суға да түсесің...және бір күні ол адамның бұл өмірде просто жоқ екенін, оның саған ұнайтын қылықтары, істері бәрі тек қана сенің санаңда жасап алған форма екенін білесің... Сонда бұл жердегі адалдық кім үшін сақталады?

Оны күтесің... үш-төрт жыл сен оған бар өміріңді арнайсың.. Ал ол үшін сен "запасной" вариант болғаныңды 30 ға жақын қалған күні білесің... Сонда сен сонша жыл кім үшін адалдық сақтадың?

Сен оны сүйесің... Оның баласын өсіріп, үйін жинап, тамағын жасап үйін жылылыққа толтырасың. Ал ол сен оны үйге күткен күндері басқа қыздармен уақытын өткізіп жүреді. Ал сенің адалдығыңның құны қанша? 

Сен ол жайында бәрін білесің... Сол өссін, саған, оған табыс әкелсін, сені бағаласын деп жаныңды сала қызмет жасайсың. Ал ол сенің адал еңбегіңді көрмей, бір күні кешіккен кезіңде "не бітіріп жүрсің?" деген сұрақ қояды.... Сонда сенің адал еңбегіңнің далаға кеткені ме?

Сен ол өлердей сүйесің... Иа, сен ол сезіміңді дәлелдемесеңде сен оны жүрегіңде сүйесің... Бір күні сен басқа жерге қызығасың, барғың келеді сонда тұрғың келеді... Сен басқалардың көзінше сатқын боп шыға келесің... Сонда бұл жердегі адалдық қайсы? 

Сен жаныңды салып жазасың... Адалсың, бар шындықты ашқың келеді, көмектескің келеді... Бір ай жазбай кетші сені ешкім есіне алмайды, іздемейді... Себебі, сенің адалдығың ол үшін түк емес... Бар-жоғы сен оған ақпарат қана бердің... 

Пы.Сы. Кез-келген сіздің ісіңізбен сай келген нәрсе сәйкестік деп қарасыз.