Адалдығың кім үшін?

Жасырын емес, "Адалдық"(пәктік) деген не және оны кім үшін сақтайды?.. -деген сияқты ойлар, көптеген бойжеткендерді мазалайды. Осындай бағыттағы, әңгімелерді де көп естіп, оқып жүрміз. Шындықтың бетіне тура қарағанды ұнатамын, дос жылатып айтады. Бәлкім бір жандарға пайдалы болар деп, жазып отырмын.

Адалдық, пәктік әр адамның тек өзі үшін ғана, өзінің бақыты үшін ғана.

Ендеше, сөзі рас болса, ол адамды басқа еш нәрсе алаңдатпауы керек.

Қыз бала адалдық сақтаса қандай пайда табады:

1) Өзін өзгелерге, әсіресе жігіттерге силата біледі, кейін қайын жұртың да бетке баспас;

2) Сен үшін дұрыс емес ниетті, өтірік сүйдім күйдім деген жігіттерің өзі-ақ белгілі болады. Яғни, басқа ниетпен жүргенін осыдан анықтай аласыз.

    Себебі, ондай жігіттер әр түрлі сылтаумен төсекке шақырғыш келеді.

    Ал шын сүйген жігітке төсек алғашқы орында емес, ол тезірек үйленуге тырысады.

    Үйленгеннен кейін төсектің де талай сәті келері белгілі ғой.

3) Ал үйленбей тұрып, опық жемейсіз.

   Ұнайсыз, жақын көрісейік, білісейік - деп жүргендерге тек сылтау ғана керек,

    жыныстық қатынасты да осы сылтауға кіргізіп жіберген.

    Есесіне көп опық жейтіндер осылар.  Ал адалдықты өзің үшін сақтасаң, бұл жердегі бәледен де Аман қаласың.

4) Үйленген жігітіңмен бақытты болып кетуіңізге шанс көп болады.

    Ұлы сөзде ұяттық жоқ- дейді қазекем.

    Сонымен айтайын. Қазіргі ғылымда мынандай зерттеліп, дәлелденген.

   Қыз бала алғаш жыныстық қатынас жасағанда,  сол алғашқы жігіттің жыныс мүшесінің формасы(өлшемі) қыз баланың      миында ерекше сақталады. Сондықтан, кейін қанша жыныстық қатынас болсын-болмасын,

 соңында өмірлік жарым деп шыққан жігітінің мүшесі формасы ең алғашқыдағыдан өзгеше болса,

төсекте қанағат-ләззат дегенді тиісінше ала алмайды екен. Көп жағдайда еркек өлшемдері әртүрлі келеді.

Өмірінің соңына дейін қандай қиын десеңші, егер ләззат ала алмаса.

Сондықтан да болар, тұрмыстағы әйелдердің күйеуінің көзіне шөп салуының көп кездесуі.

5) Әр түрлі жыныстық аурулардан аман боласыз.

 Ол жігіттер басқа кімдерге барып жүр белгісіз. Тазалығы қандай білмейсіз. Әдетте ондайлар өзара мақтанып отырады.

 Мен бәленше деген қызды бүйттім, түгеншені сүйттім, пәленшені итердім, ана бір ақымақты лақтырып кеттім.

 Тағы, сондайларға жарнамаландыңыз. Енді соңыңыздан түсетіндер көп. Оған бергенде маған бермейсің- деп ренжитіндер табылады. Күштеп жасаса да, шамаңыз келмейді. Кетәрі де болмауыңыз мүмкін, нәпсіқұмарлық дегендей.

6) Бедеуліктен де аман қаларсыз. Қазіргі таңда бедеуліктен зардап шеккендер көбеюде.

7) Нәпсіқұмарлық әдеттен де ада боларсыз, әйтпесе тұрмыс құрған соң ауруың қалса да әдетің қалмауы мүмкін.

8) Ұят пен инабаттылық қасиетіңіз өзіңізде қалады.

9) Балаларыңызға үлгі, ұлыңыз болса басқа қызды жылатпауға,  қызыңыз болса адал да инабатты, тәрбиелі болуына әсеріңіз үлкен болмақ. 

 

Бұйыртса, жігіттер үшін де жазармын. 

 



Бөлісу: