Адал табыс адамгершілікке жетелейді

Адал табыс адамгершілікке жетелейді
жеке
блог

Сіздің жаныңызға не жылу сыйлайды? Біреуі тігін тіккеннен рахат табады, екіншілері әшекей бұйым жасағанды ұнатады.

Не болмаса кейбірі үйде тапсырысқа перде тігеді.

Ал, бүгінгі менің кейіпкерім он саусағынан өнер тамған сұлу Мөлдір Жұмагелдіқызы отбасымен қатар, қолөнер кәсібін қолға алып жүрген жанның бірі.

Мөлдір инстаграмм әлеуметтік желісінде @tamerlan_lion2016 аккаунтымен танымал.


Сонымен қатар, @handmade_almaty_777 нигі де Мөлдір ханымға тиесілі:)

әрбір жұмысынан жағымды энергетика сезіледі екен:)


Сәнді әрі әдемі көрінеді:) Қандай күшті жұмыс!)

 

Тамерлан есімді азаматтың тәрбиесімен қоса, отбасының жағдайын жасай жүріп, үйде құр отырмай осылай кәсіп бастап жүрген кәсіпкермен сұқбаттасудың реті келген болатын. 


Иә, тірі пенде қашан да тіршілігін жасайды. Себебі, әрбір адам күнін көру үшін көзін тапқан тіршілігімен айналысуға міндетті.

Содан болар, бірі саудамен, біреуі егін егумен, ал, біреулері қолынан келген өнерін кәсіп қылса, енді біршамалары мал шаруашылығымен айналысып күнелтуде.

Мөлді Шанбаеваның қай жұмысын алсаңыз да ерекше әрі сондай әдемі)

 

 «Еңбек еткен емеді» демекші, мұның барлығы біле-білгенге дұрыс кәсіп-ақ. Ал мұсылман баласына нан тауып, кәсіп ету өзгеге алақан жайып, телміруден әлдеқайда қайырлы.

Айтпақшы, кәсіп барысында ең басты мән бере қарайтын мәселе – күнделікті келіп жатқан табысының қайдан және қайда жұмсалып жатқандығына аса көңіл бөлу. 

 

Кейде өзімізді тыныштандыру үшін белгілі бір іспен айналысу қажет болады.

Ал, сіз ондай жағдайда өз хоббиіңізді таба білсеңіз,  сіздің осы әуесқойлығыңыз табысыңыздың негізгі көзі бола алатындығы туралы ойланып көрдіңіз бе?

Бүгін мен сіздерге қарапайым хоббиден қалай табыс табуға болатындығы туралы сөз қозғамап отырмын. Әрине, бұл үшін бар күш жігеріңізді салып, үнемі даму үстінде болу қажет.

Егер сіз неден бастау керек екендігін білмесеңіз, келесі кеңеске көз қырыңызды сала отырыңыз.

Өте әдемі:)

Жұмыстары маған қатты ұнағандықтан, сіздермен бөлісуді жөн көрдім) 

Мөлді ханымның басқа да жұмыстарымен таныс болғыларыңыз келсе, парақшаларына жазылып қойыңыз:) Тапсырыс берсеңіз лезде дайыпдап бере алады. Ал, сәттілік!)