Адам болған соң ауру - сырқаусыз болмайды . Басы ауырып , балтыры сыздаған әрбір жан дертінің шипасын іздеп ақ халатты абзал жандардың көмегіне жүгініп жатады . Алайда , ауыл - үйдің арасындағы дәрігерлерді қойып , алыс – жақын шет елдерден де емі табылмайтын ауыр сырқаттар мен жұмбақ аурулар аз емес . Ол жағдайларда өкінішке орай дәрігерлердің де дәрменсіздік танытатын кездері болады . Медицина тілінде « ДЦП » аталып жүрген церебральды сал ауруы – бүгінде біраз отандасымызды қайғыға салған ауыр дерт болып отыр . 2015 жылғы есеп бойынша осы науқаспен ауыратын балалар саны Қазақстанда 13238 баланы құраған , ал 2010 жылы бұл көрсеткіш 11018 - ді құраған еді . Бұл жерден біз аталған науқаспен ауыратын балалар санының біршама өсіп отырғанын көреміз . Бұл ауруға нәрестенің миының дамуындағы кемшіліктер , тұқым қуалаушылық , шала туған балалардың жетілуіндегі кемшіліктер себеп болады .
Қазақстанның медицинасы мен дәрігерлеріне көңіліңіз тола ма ?
Халқымыз байырғы заманнан жан мен тәннің саулығын айырықша орынға қойып , назарға алған . Сол себепті « бірінші байлық – денсаулық » деп нақылдауы тектен – тек емес . Халықтың денсаулығы – еліміздің белсенді дамуына , экономикасына , әсіресе әлеуметтік жағдайының жақсаруына ықпал ететіні сөзсіз . Саулығымызды сақтауға септігін тигізетін , бұқара халыққа қамқор болатын саланың бірі – медицина . Қазіргі таңда , шенеуніктердің « медицина саласы қарқынды дамып , ауруханалар саны артып келеді » деген сөздерін құлақ құрышымыз қанғанша естіп жүрміз . Ал , бұл рас па ? Қазақ медицинасы қандай деңгейде ? Ақ желеңділер жазатайым жағдайда жәрдем көрсетуге қаншалықты дайын екен ?
Жалпы , медицина – өте күрделі , әрі жауапкершілігі мол сала екені барлығымызға аян . Тіпті , осы жолда еңбек ету үшін жеті жылдық оқу аздық етеді . Жыл сайынғы адам өлімінің артуына байланысты , болашақ дәрігерлердің оқу жылын жыл сайын көбейтуде . Айтыңызшы , жауапты түрде , үзбей кім 9 жыл оқиды ? Шындыққа тіке қарайтын болсақ , ұзақ уақыт оқығаннан медициналық олқылықтарымыздың орны толып жатқан жоқ . Аталған ғылымның өзін толыққанды игеру үшін үздіксіз тәжірибе жинап , мамандық бойынша білім толықтырып отырудың керектігін келтірсек , алдымен денсаулық сақтау саласына көбірек көңіл бөліп , оны күннен-күнге жетілдіруге тырысады . Ал , дамыған отыз мемлекеттің қатарына қосыламыз деген Қазақстанның кенжелеп тұрған саласының бірі , дәл осы – медицина екені жасырын емес . Елімізде денсаулық сақтау саласының жағдайы тіпті көңіл көншітпейді . Оған қоса , ақ халатты абзал жандарымызға деген сенім де жоғалудың аз - ақ алдында тұр десек артық айтқандық болмас.Себебі , бүгінгі таңда дәрігерлердің біліктілігіне күмән келтіретін жағдайлар көптеп етек алуда .
Мен журналистік зерттеуімде аты аталған ауруға ұшыраған бөбектердің ата-аналарымен тілдескен болатынмын . Осы аты жаман аурудың негізгі себебі , ата – аналар бала туылғанда жұлынынан сары су алынғаннан деп жатады . Екінші бір себебі , егілген екпенің әсерінен дейді .
Менің байқауымша , бұл аурумен ауыратын бөбектердің дені қыз балалар . Жұлыннан алынатын сары су қомақты қаражатпен бағаланады екен . Енді , мына қызыққа қараңыз , медицинада қолданылатын әдіс бойынша, менингитті анықтау үшін ауырған адамның жұлынынан міндетті түрде су алынады. Жұлыннан су алу, керісінше, аурудың бас ішіндегі қан қысымын төмендетеді. Сол арқылы ем-дом тағайындалады .
Қазақстандық балалардың барлығына бірдей екпе салынады . Екпе салатын кезде баланың жағдайын тексереді . Егер де қандайда бір , өзгешелік байқалса , екпе егілмейді . Шала туылған балаларға өзі қатарлы балалардан екпесі 1-2 айға кешірек салынады . Қазіргі таңдағы дипомдарын сатып алатын абзал жандардың кесірінен көптеген бөбектер өмірге кеше келіп , күніне қаншама ине қабылдап , балалық шақтарын арбада өткізуде .
Дәрігерлер балалардың «ДЦП» екенін 6 айға келегенде бір-ақ біледі екен . Оған себеп , балалар 6 айға келгенде өзі еркін отыруы керек . Ал , «ДЦП»-ға шалдыққан балада ешқандай қозғалыс болмайды . Қазіргі таңда ақ халаттылар бұл аты жаман аурудың негізгі себебін дәп басып айта алмай отыр . Бұл ауруға шалдыққан баланың миында ауытқушылық , тілінің кемістігі және өз еркімен тәй-тәй басып жүре алмайды . Бала 8 жасқа келгенде баланы жүйелі түрде емдеуді бастайды . Оған себеп , бала 8 жасқа келгенде үлкен адамның миындай жетіле бастайды екен . Оған дейінгі аралықта әр түрлі ем – домдар , массаждар жасайды .
Осы зерттеу нәтижесінде , біздің еркін тұрып жүргенімізді аңсайтын адамдардың бар екенін түсіндім . Бөбектер – болашақ барыс елінің тұтқасын ұстайтын азаматтар мен азаматшалар . Айықпас дертке шалдыққан сәбилердің жазылып кетуін АЛЛАДАН сұраймын .