Адал жандар ма , арам жандар ма?

Адал жандар ма , арам жандар ма?
жеке
блог

      Адам  болған  соң  ауру - сырқаусыз  болмайды . Басы  ауырып , балтыры  сыздаған  әрбір  жан  дертінің  шипасын  іздеп  ақ  халатты абзал  жандардың  көмегіне  жүгініп  жатады . Алайда , ауыл - үйдің арасындағы  дәрігерлерді  қойып , алыс – жақын  шет  елдерден  де  емі  табылмайтын  ауыр  сырқаттар  мен  жұмбақ  аурулар  аз  емес .  Ол  жағдайларда  өкінішке  орай  дәрігерлердің  де  дәрменсіздік  танытатын  кездері  болады . Медицина  тілінде  « ДЦП »  аталып  жүрген  церебральды  сал  ауруы  –  бүгінде  біраз  отандасымызды  қайғыға  салған  ауыр  дерт  болып  отыр . 2015  жылғы  есеп  бойынша   осы  науқаспен  ауыратын  балалар  саны  Қазақстанда  13238  баланы  құраған , ал  2010  жылы  бұл  көрсеткіш  11018 - ді  құраған  еді .  Бұл  жерден  біз  аталған  науқаспен  ауыратын  балалар  санының  біршама  өсіп  отырғанын  көреміз .  Бұл  ауруға  нәрестенің  миының   дамуындағы  кемшіліктер ,  тұқым  қуалаушылық ,  шала  туған  балалардың  жетілуіндегі  кемшіліктер  себеп  болады .

 Қазақстанның медицинасы  мен  дәрігерлеріне  көңіліңіз  тола  ма  ?  

Халқымыз  байырғы  заманнан  жан  мен  тәннің  саулығын  айырықша  орынға  қойып ,  назарға  алған .  Сол  себепті  « бірінші  байлық  –  денсаулық »  деп  нақылдауы  тектен – тек  емес .  Халықтың  денсаулығы  –  еліміздің  белсенді  дамуына ,  экономикасына ,  әсіресе  әлеуметтік  жағдайының  жақсаруына  ықпал  ететіні  сөзсіз .  Саулығымызды  сақтауға  септігін  тигізетін ,  бұқара  халыққа  қамқор  болатын  саланың  бірі  –  медицина .  Қазіргі  таңда ,  шенеуніктердің   « медицина  саласы  қарқынды  дамып ,  ауруханалар  саны  артып  келеді »  деген  сөздерін  құлақ  құрышымыз  қанғанша  естіп  жүрміз .  Ал ,  бұл  рас  па ?  Қазақ  медицинасы  қандай  деңгейде ?  Ақ  желеңділер  жазатайым  жағдайда  жәрдем  көрсетуге  қаншалықты  дайын  екен ?

      Жалпы ,  медицина  –  өте  күрделі ,  әрі  жауапкершілігі  мол  сала  екені  барлығымызға  аян .  Тіпті ,  осы  жолда  еңбек  ету  үшін  жеті   жылдық  оқу  аздық  етеді . Жыл  сайынғы  адам  өлімінің  артуына  байланысты  ,  болашақ  дәрігерлердің  оқу  жылын  жыл  сайын  көбейтуде  .  Айтыңызшы  ,  жауапты  түрде  ,  үзбей  кім  9  жыл  оқиды  ?  Шындыққа  тіке  қарайтын   болсақ   ,  ұзақ   уақыт  оқығаннан  медициналық  олқылықтарымыздың   орны   толып  жатқан  жоқ  .      Аталған  ғылымның  өзін  толыққанды  игеру  үшін  үздіксіз   тәжірибе   жинап  ,   мамандық   бойынша   білім   толықтырып   отырудың керектігін   келтірсек ,  алдымен  денсаулық  сақтау  саласына  көбірек  көңіл  бөліп ,  оны  күннен-күнге  жетілдіруге  тырысады .  Ал , дамыған  отыз  мемлекеттің  қатарына  қосыламыз   деген  Қазақстанның  кенжелеп  тұрған  саласының  бірі ,  дәл  осы  –  медицина  екені  жасырын  емес .   Елімізде  денсаулық  сақтау  саласының  жағдайы  тіпті  көңіл  көншітпейді .  Оған  қоса ,  ақ  халатты  абзал  жандарымызға  деген  сенім  де  жоғалудың  аз - ақ  алдында  тұр  десек  артық  айтқандық  болмас.Себебі ,  бүгінгі  таңда  дәрігерлердің  біліктілігіне  күмән  келтіретін  жағдайлар  көптеп  етек алуда .

       Мен журналистік зерттеуімде аты аталған ауруға ұшыраған бөбектердің ата-аналарымен тілдескен болатынмын . Осы аты жаман аурудың негізгі себебі , ата – аналар бала туылғанда жұлынынан сары су алынғаннан деп жатады . Екінші бір себебі , егілген екпенің әсерінен дейді .

Менің байқауымша , бұл аурумен ауыратын бөбектердің дені қыз балалар . Жұлыннан алынатын сары су қомақты қаражатпен бағаланады екен . Енді , мына қызыққа қараңыз , медицинада  қолданылатын әдіс бойынша, менингитті анықтау үшін ауырған адамның жұлынынан міндетті түрде су алынады.  Жұлыннан су алу, керісінше, аурудың бас ішіндегі қан қысымын төмендетеді.  Сол арқылы ем-дом тағайындалады .  

   Қазақстандық балалардың барлығына бірдей екпе салынады . Екпе салатын кезде баланың жағдайын тексереді . Егер де қандайда бір , өзгешелік байқалса , екпе егілмейді . Шала туылған балаларға өзі қатарлы балалардан екпесі 1-2 айға кешірек салынады . Қазіргі таңдағы дипомдарын сатып алатын абзал жандардың кесірінен көптеген бөбектер өмірге кеше келіп , күніне қаншама ине қабылдап , балалық шақтарын арбада өткізуде .

    Дәрігерлер балалардың  «ДЦП» екенін 6 айға келегенде бір-ақ біледі екен . Оған себеп , балалар 6 айға келгенде өзі еркін отыруы керек . Ал , «ДЦП»-ға шалдыққан балада ешқандай қозғалыс болмайды . Қазіргі таңда ақ халаттылар бұл аты жаман аурудың негізгі себебін  дәп басып айта алмай     отыр . Бұл ауруға шалдыққан баланың миында ауытқушылық  , тілінің  кемістігі және өз еркімен тәй-тәй басып жүре алмайды . Бала 8 жасқа келгенде баланы жүйелі түрде емдеуді бастайды . Оған себеп , бала 8 жасқа келгенде үлкен адамның миындай жетіле бастайды екен . Оған дейінгі аралықта әр түрлі ем – домдар , массаждар жасайды .

     Осы зерттеу нәтижесінде , біздің еркін тұрып жүргенімізді аңсайтын адамдардың бар екенін түсіндім . Бөбектер – болашақ барыс елінің тұтқасын ұстайтын азаматтар мен азаматшалар . Айықпас дертке шалдыққан сәбилердің жазылып кетуін АЛЛАДАН сұраймын .