Замана кітабының өткен тарауының алғашқы ширегінде шоқтығы биік «Шолпан» журналы шығып тұрды. Басылым жайлы сөз қозғағанда бірден «Абыр- сабыр заманда сақтану керек» мақаласы ойымызға оралады.
Жалпы, «Шолпан» журналы айтып кеткеніміздей өткен ғасырда жарық көрді. Ташкентте шығып тұрған басылым Түркістан Орталық партия комитетінің органы болатын. Ғұмыры қысқа «Шолпан» қазақ тілінде айына бір рет шығатын саясат, шаруашылық, білім, әдебиет журналы деп аталды.
Енді, «Абыр- сабыр заманда сақтану керек» мақаласын сарапқа сала өтейін. Мақалада «Шолпанның» бетінде жарық көрген сол кезеңнің көкейкесті мәселелер көтерілді.
Бір әттеген- айы мақаланы соңғы уақытқа дейін зерттеушілер ұлтшылдыққа балап, өткенді көксеумен жазылған дүние деп көрсетіп келдi. Бірақ бұл пікірді біз теріске шығара аламыз. Шын туайтына келгенде, мақалада аласапыран замандағы қырғыз- қазақ кедейлерінің көрген қиындығы мен шеккен азабы айтылған- ды. Нақтылар болсақ жазбада бұл жері «Төңкерістен бұрын қырғыз қазақ кедейлері ылғи өгейлік көріп келді. Басынан тоқпақ кетпеді. Жақсылықтың сәулесі тимеді. Көргені зорлық зомбылық, жауыздық еді» деп көрсетілген.
Расыменде, патша үкіметінің қазақтарға жасаған қиянаты жетерлік еді. Соның бірі мақалада айтылған үкіметке арқа сүйеп, аштан келген «келімсектердің» жергілікті халыққа жасаған қулық- сұмдығы. Жанға батары өзге емес тиген таяқ еттен өтіп сүйекке жетседе, жаманшылықты ең қатты көріп, бәріне көнген тек қазақ болғандығы. Мақалада да дәл осы ой айтылып, езгінің ессіздігін сөз етеді
Сонымен бірге, жығылғанға жұдырық болған салық мәселесі де сырт қалмады. Аталмыш мәселені редакция ұжымы оның алдындағы кез келген саяси- экономикалық жағдай секілді тиянақты әрі түсінікті етіп жеткізген.
- Әрбір өкімет өзінің істейтін шығындарын көтеру үшін халқына әр түрлі салықтар салады. Өкімет шығыны көп болған сайын, халыққа да салық соғұрлым көп түседі. Салықты аз салатын өкімет халқына жақсы қарап һәм аз салық алу халықтың шаруашылығына жақсы тиеді,-деп редакйия ұжымы салықтың ашық және жасырын түрлеріне тоқталып өтеді.
Бұл ашықтың оның баспасөздегі беделін көтеріп, елді елең еткізді. Дегенмен «Шолпанның» маңдайына ғасырлық ғұмыр жазылмапты. Өмір соқпақтарына соқтығып, бірде тар, бірде бұрыс жолмен жүріп дұрыс жол тапқан журнал тарих бетінде мәңгілік қалмақ.
Назерке Альбертқызы
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
студенті