Абылай бабамыздың резиденциясы Қызылжар (Петропавл) қаласында орналасқан. Бұл ғимаратқа 2004-2006 жылы «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында, республикалық маңызы бар тарихи ескерткіш ретінде жөндеу жұмыстары жүргізілді. 2008 жылы 21 тамызда мұражайдың ашылу салтанатына Қазақстан Республикасының бірінші президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қатысты. Өткен аптада мен Абылай хан резиденциясына барып, экспонаттармен танысқан болатынмын.
Резиденция 2 қабаттан тұрады. Бірінші қабатта әкімшілік болса, екінші қабатта экспонаттар қойылған. Резиденция териториясында Абылай ханның ескерткіші, кеңсе үйі, монша орналасқан. Ескерткіштің салмағы 8 тоннаны құрайды. Оның авторы: алматылық мүсінші Қазыбек Сатыбалдин. Мұражай 4 экспозициялық залдан тұрады. Абылай резеденциясының алғашқы көрінісі резеденцияның макеті. Бірінші залда, Абылай ханның 1711-1770 жылдарға дейінгі өмір кезеңі, сонымен қазақ жоңғар шапқыншылығы, қазақ хандығының шығу тегіне байланысты мәліметтер жинақталған. Залдың дәл ортасында ҚОЖА АХМЕТ ЯССАУИ кесенесінің 50 есе кішірейтілген макеті орналасқан. Абылай хан осы кеседене жерленген болатын. Мұражайда қазақ халқының күнделікті тұрмыста қолданған заттарды кездестіруге болады. Соның бірі келі мен келсап. Бұл құрал арқылы дана халқымыз бидайды түйіп, ұн дайындаған болатын. Сонымен халық арасында «Келі» деудің өзі ерекше. Кезінде келін түскен кезде, оны сынау, икемділігін көру мақсатында осындай ыдыстарды берген болатын. Бұл экспозицияның авторы солтүстік Қазақстан облысының шебері Болатбек Қалдыров. Бірінші залда «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» тарихи киын кезеңін сипаттайтын арнайы Ағымсал Дүзелхановтың графикалық жұмыстарын да көре аламыз.
Екінші залда, Абылай ханның дәстүрлі қазақ үрдісіндегі жатын бөлме заттары көрсетілген. Екінші Екатерина 1765 жылы Абылай бабамызға арнайы 1 қабатты 4 бөлмелі үй салып берген болатын. Бірақ өкінішке қарай Қызылжар қаласында өрт болған кезде, ол үй түгелімен өрттеніп кеткен. Сонымен, Абылай ханның тынығу бөлмесін кеңсеге ұқсатып жасатқан. Жатын бөлмеде төсек орындары, төр көрпелер барлығы да қызыл мен сары түстерге басым болған. Сол кездегі наным сенімдерге сенетін болсақ «қызыл» түс өмір деген мағынаны білдірсе, «сары» молшылықты білдірді. Сол себепті, халқымыз осы түстерге басым назар аударған болатын.
Үшінші залдың ең басты ерекшелігі - Абылай бабамыздың мүсіні орналасқан. Сонымен, Абылай жайлы біраз ақпарат жазылған: замандастарларының айтуынша орта бойлы, кең иықты, келбетті кісі болған екен. 20 жасында отау құрған 12 әйелі, 70 баласы болған. (40 қыз және 30 ұлы). Бұл залда, Абылай бабамыздың мөр жүзігі, төс алқасы, қылышы бар.
Төртінші залда, жалпы Абылай ханның 1771-1781 жылға дейінгі кезеңі көрсетілген. Бұл залда Абылай бабамыздың 35 жыл ішіндегі жетістіктері жайлы деректер бар. Ерекшелігі Абылай ханның майлы бояумен кенепте салынған портретінің болуы. Оның Авторы Ағымсал Дүзелханов. Бұл портреттің өзгешелігі көздерінде, қай жақтан қарасақта көздері сіздерге қарап жатқандай болады. Жалпы, Абылай хан жақсы саясаткер болған. Ресей, Қытай ұлы державалармен жақсы дипломатиялық қарым қатынас орнатқан. Сондай-ақ, залда 1747 жыл болған қазақ-жоңғар шапқыншылығын суреттейтін диорама орналасқан. Бұл шайқастың ерекшелігі 60 мың жоңғар әскеріне небәрі 30 мың қазақ әскерінің шайқасуы. Нәтижесінде, қазақ әскері жоңғарларды жеңіп, қытайға ығыстырған болатын. Кейін Цин империясы 1758 жылы Жоңғарларды түгелдей жойып жіберген.
Бұл экскурсиядан кейін, мен ерекше бір әсері алдым. Егер сіз Қызылжар қаласына келсеңіз, міндетті түрде осы резиденцияны аралап қайтыңыз.