Орталық Азияның ұлы зиялысы Әбу Наср Әл-Фараби 1150 жыл бұрын дүниеге келген және өмірінің 80 жылын (б. З. 870-950 ж.ж.) Орталық Азия аймақтары арасында үнемі саяхатта өткізген. Еврей философы Маймонид (1138-1204) сияқты ұлы адамдар Әл-Фараби мұрасының философиялық және географиялық өлшемдерін баса айтты. Маймонид оны «Философияның екінші шебері» деп атады (біріншісі - Аристотель) және әйгілі хадис айтқандай, Әл-Фараби ілім ізденуде «Қытайға дейін аттанды». Маймонид мұнда «Қытай» туралы айтқысы келгені, ілімнің адам танымынан тыс әлемнің аңызға айналған ақыры жайлы еді.
Тағы бір айта кететін жайт, ортағасырлық еврейлердің ең құрметті қайраткері Маймонид Аристотельдің қасына Әл-Фарабиді қатар қойғаны, оның Орта Азия философына деген ең жоғарғы құрметін көрсетеді. 870 жылы қазіргі Қазақстан территориясындағы Отырар қаласының жанында дүниеге келген Әл-Фараби Маймонидтің алдында мұндай ұлылыққа, құрметке қалай қол жеткізді? Сол дәуірде Аристотель мен Платоннан сақталған кей еңбектер ғана қалды. Яғни, ол кезде әлі ғылым болған емес. Сондықтан, бұл еңбектер Маймонид үшін жарық әлемге көпір болатын. Бұл еңбектерді, әрине, Әл-Фараби аударған соң, Аристотель мен Платонның еңбектерінің аудармалары Маймонид үшін білім көпірінің құнды элементтері болды. Осылайша, ол ғылымды құтқарды, адамзаттың біліміне, қиын кезеңдерді бастан өткеруге және жеңуге көмектесті. ХІХ ғасырдың неміс ақыны Генрих Гейненің: «Кітаптар өртенген жерде, адамдар да өртенеді», - деген сөзі дәл осы ахуалды дөп басып айтты. Сонымен, Әбу Наср әл-Фараби қазіргі «шекарасыз халықаралық ғылым» деген атауымыздың алғашқы ізбасары болды.
Әл-Фараби өз заманында, өзінің туған ислам әлемінде дін(сенім) мен білімнің дұрыс «тепе-теңдігін» іздеді. Әл-Фараби исламға күмән келтірген жоқ, бірақ оны ғылыммен байытуға бар күшін салды. Ол еуропалық білімге құштар мұсылман ғалымы болды.
Әбу Наср әл-Фарабиді XV ғасырда Пико делла Мирандола, XIV ғасырда Данте мақтаған. ХХ ғасырдың әйгілі француз философы Этьен Гилсон былай деп тұжырымдады:
«Әл-Фараби болмаса, Әулие Фома Аквинскийді түсіну қиын болар еді».
Оның кезеңі ағартушылық ислам дәуірі болды. VIII ғасырда Аббасидтер әулеті басталғаннан бастап екі халифа - Аль-Мансур және Аль-Махди ғылымды зерттеуге, ғылыммен айналысуға шақырды. Әрине олар мынадай әйгілі хадиске сүйенді:
«Ғалымның сиясы шейіт болған адамның қанынан да қымбат».
Әбу Наср әл-Фарабидің өмірін және оны жақсы көруіміздің себептерін қорытындылаудың қандай поэтикалық, керемет тәсілі десеңші.
Ж. Ибраева, ҚазҰУ доценті
Д. Сарыбаева, ҚазҰУ магистранты