ӘбеКЕНТ
блог
Жігітте де жігіт бар,
Азаматы бір бөлек.
Жылқыда да жылқы бар,
Қазанаты бір бөлек.
Қазақта, «жігітте де жігіт бар», - деп басталатын сөз оралымдары тіпті мол, жиі кездеседі. Мына бір, «Жігітте де жігіт бар, тонның ішкі бауындай» деп келетін ән жолдарына назар аударып көрейікші. Бұл бір, керемет философиялық мағына сыйлайтын - данышпандық ой ұшқыны; достық, жолдастық, қарым-қатынас, сыйластықтың ерен үлгісі. Сондай ән, сондай жанның бірі – менің, Әбекем! Көрмесем де көргендей болған, айтқанына шын сенгендей болған Әбекем туралы – өтірікті шындай, шынды құдай ұрғандай етіп, таңды таңға ұра жырлай беруге болады. Өйткені, Әбекем – Әлем, Қазақи болмыс, Кеңістік! Әбеке барда мен бармын, ақ қайың болса мен жармын, тұлпарым болса сұңқармын, ән айтса самғап шырқармын. «Жақсы жүрген жеріне кент салар» деген осы болар, жүрген жері – ду, думан! Қысқасы, Әбекем - керемет, Әбекем - КЕНТ!
Өзің едің жиырма бес аңсағаным,
Аңсағанда шырқатып ән саламын.
Ән саламын, жиырма бес, тамсанамын
Тамсандым деп баршаға жар саламын.
Қымбатты, Әбеке! Қадірменді, Абзал дос!
Туылған күніңіз құтты болсын!
... Ай-хой, гүл-гүл жайна, күл де ойна,
Қыз-бозбала шағыңда!
Ай-хай! Сағым қуған жиырма бес,
Сағындырған жиырма бес!