Абайға арнау!

Абайға арнау!
жеке
блог

Алла атымен бастаймын сөздің басын,
Жыр жаздым Абайға арнап ел тыңдасын.
Қазақтың қамын жеген қайран тұлға,
Абай жазған дара жол бұзылмасын.

Абай ақын қазақтың ағы дерсің,
Қазақтың маңдайдағы бағы дерсің.
Абай дара данышпан қария ғой,
Ақылы көп өзендей дария ғой.

Қазақта Абай хәкім біреу ғана,
Абайды оқы, зерітте байқап қара.
Пушкинде Абайдай бола алмайды,
Бағалашы Абайды биік сана.

Ғұмыр кешті майдандай арпалыста,
Қара сөз бен өлеңге құмарласа.
Сондай көңіл өрбіген әнге құштар,
Жағдайы да болмады ешбір кемтар.

Білім іздеп шарлады бар қаланы,
Жүрекке орнықтырды бір Алланы.
Ұлы Абайдай ұлың бар мақтан қазақ!
Мәшһүр еткен қазақты жер жаһанға.

Қайран жан қамықпаған тағдырынан,
Халқы үшін отқа түскен жарқылдаған.
Мақтаншы ей,қазағым! Мақтана ғой,
Білемісің Абай жырдан салған дастан.

Өлең жырда Абай бар жеке дара,
Ерте біткен Абайға ақыл сана.
Қара сөзбен қара өлең қол шоқпары,
Түзеу үшін түсті отқа сындарға да.

Абай сен үйреткенсің даналықты,
Даналықты танытқан даралықты.
Арсыздықты аттатпай әр адамға,
Тұмар ілдің «адамдық» парыздарда.

Мерей тойың құтты болсын кемел бабам,
Ұрпақтан-ұрпаққа жеткен өлең маржан.
Ел силаған даналардың данасың ғой
Көрші ұрпақты өлеңдетіп «сен»-деп жазған.

Жаса!Қуан бабам елдігіңе,
Жұрт мақтап айтар сені елдерінде.
Қазақтың әміршісі қара өлеңде,
Бүгін сен әйгілісің бар әлемге!

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің
Медицина және Қоғамдық денсаулық сақтау факультетінің
1- Курс студенті Төрехан Таңшолпан
Жетекшісі: Кайракбаева Гулназ