Абайдың қара сөздері-өмір сүру қағидасы

Ерте замандағы және қазіргі уақыттағы адамның адамгершілік сипаты сипаты- Абай шығармашылығындағы жеткізілетін ойлардың маңызды тармақтарының бірі.Оның негізгі қайнар көзін біз тікелей қарасөздермен байланыстырамыз.Қарасөздердің жазылу тәсілі  қандай болмасын,бәрібір оқырманды терең ойға  батырады.әр сөзінің астарында өзіне тән құндылығы мен  шынайылық бейнесі жатыр.Енді осы пікірді он жетінші қарасөзбен дәлелдеп көрсек.

Он жетінші қарасөздің мазмұны ақыл,қайрат,жүрек және  ғылымның диалогінен тұрады.Яғни бұл үшеуі өзара таласып келіп,ғылымның төрелігіне жүгінеді.Ғылым олардың пайдасы мен зиянды жерін айтып,соңында шешімін шығарады.Ғылымның  шешіміне толығырақ тоқталамыз.Ақылдың пайдасы.Оның жақсы мен жаманды ажыратып,тәңірді танып,екі дүни енің сырын білетіндігінде деп сипатталады.Ал зияны болса,жақсының да жаманның да сүйенер тірегі екендігінде.Қайратқа тоқталар болсақ,жақсылығы тұла бойды,ой-сананы таза ұстап,Жаратушыға табынуды үйретуінде болса,залалы жаман мен жақсыны тек бірін тізгінде ұстап,сол жолмен бағыттауында делінеді.Жүректің де осылай екі сипаты беріледі.Сондағы ғылымның таңдауы не?Әрине,жүрек.Бірақ,неге жүрек?Неге ақыл немесе қайрат емес?Бұл сауалдың жауабы қарапайым,дұрысынан түсіне білген адамға.

Жүрексіз тіршілік жоқ.Онсыз адам бойындағы мың түрлі жақсы қасиеттердің құны бір тиын.Себебі,барлығын бір орталыққа үйлестіріп ұстап тұратын,орынымен басқара алатын тек жүрек қана!Тек жүрек үні ғана адамға адам жайында ұқтыра алады.Тек сол ғана адамның өзін-өзі тануына көмек бере алады.Жүректің қалауы адам жаны мен тәнінің қалауымен әрдайым сәйкес келе бермеуі мүмкін.Дегенмен де бұл қалау сезімі мүлде бөлек.Жүректің ерекшелігі де сонда.Бұл оның іәрі пайдасына,әрі залалына жатады.Бір жүректің әміріне де салынып кету-қателік.Себебі,ол адам жанын басқарып,өзіне ғана бағынғандығын қалайды.Ал,пенде үшін керегі ол емес.Адамның адамгершілі болмысы осы үш қасиетті  теңдей ұстауынан құралады.Олардың арасындағы байланыс қандай маңызды болса,беріктігі де сондай маңызды.Әйтсе де оны қатар қалыптастыру қиын екендігін де мойындаған дұрыс болар.Бұл қара сөзінде Абай жүректі,яғни адам мен адам арасындағы қарым-қатынасты басты орынға қояды.Ғылымның таңдауы жүрек болса да,ең дұрысы-осы үшеуінің бірлігі!Бұл бірігудің әсерінен адам бойына қонатын адами құндылықтарды саусауқпен санап айту мүмкін емес,тіптен шексіз...Бірақ-та осыны ұғынып,адами болмысты  қалыптастыруға тырысып  үргендер аз. Қоғамдағы әлеуметтік топтардың қайсысын алып қарасақ та өз алдына қате мақсат қойып,жаман жолда нәпсінің етегіне еріп кеткен адамдарды кездестіруге болады. Былайша оларды біз һмір сүрудің қате қағидасын ұстанғандар деп атасақ та болады. Бұл атау әлі өмірден өз орынын таба алмай жүрген,өзін-өзі жоғалтып алған адамдарға тән. Міне,сол үшін де  адами құндылықтың үш тірегін қалыптастыра алу маңызды.Бұл ой толғауыммен мен Абай қарасөздерінің адамға әкелер пайдасының қаншалықты зор екенін жеткізгім келді.Мақаланы жазуда Абай ойларының қандай үлкен мөлшерде адамға өзі жайлы,күллі әлем жайлы ақпарат бере алатындығын түсіндіріп,қандай өмір үшін маңызды мүмкіндіктер бере алатындығын ұғындыруды мақсат еттім. Абайды он жетінші қарасөзіндегі философиялық көзқарасын оқып,талдай отырып,оқырман жылы жүректің жетекшісі болған нұрлы ақыл мен ыстық қайраттың иесі «толық адам»бейнесін жасауға тырысатын болады.



Бөлісу: