Абай-ұлы ақын(байқау)
блог
Елімізде "қазақтың барлық ақындары бір төбе, Абай-бір төбе" деседі.Бұлай деуінің де үлкен себептері бар. Абай атамыз бізді әлемге танымал еткен бірден-бір тұлға болып саналады. Сонымен қатар, Мұхтар Әуезовтың "Абай жолы" роман-эпопеясы да біздің мақтанышымыз. Бұл романды оқымаған қазақ-қазақ емес деген сөз бар. "Абай жолы" роман-эпопеясында қазақ елінің барлық салт-дәстүрлері жазылған. Соған арнап жазған қысқаша өлең-шумақтарым:
Мұхтар жазды "Абай жолы" романын,
Ешкім жоқ қой ол романнан табар мін
Абай-дана,ақындардың ақыны
Салып кеткен өлең-сөздің сарайын.
Қазіргі уақытта жыл сайын "Абай оқулары" атты мемлекеттік байқау өтіледі. Сонымен қатар,осы жылы Абайдың 170 жылдық мерейтойын да тойлаудамыз. Аьай атамыз артында өшпес із қалдырған. Тіпті, мың жылдығы болса да ел болып тойлайтынымызға шүбәм жоқ. Оның қара сөздерін оқысаңыз ондай адамның мың жылдықта бір туатынына куә боласыз.