АБАЙ КҮНІ
блог
Ақтау қаласындағы тергеу изоляторында жазасын өтеуші сотталағандар арасында Абай Құнанбаевтың шығармашылығына арналған «Абай мұрасы-халық ұлағаты» атты тағлымды мерекелік іс-шара өткізілді. Іс-шараның ашылуы ГМ-172/10 мекемесі бастығының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары әділет подполковнигі Есбулат Ағлепесұлының құттықтау сөзімен басталды.
Шаруашылық жасақтың жазасын өтеуші Е.А.Абдурахмонов мерекелік іс-шараны жүргізді. А.Құнанбаевтің өмір баяны мен шығармашылғының шығу тарихы бойынша түсіндіру ақпараттық бейнеролигі көрсетілді.
Іс-шарада шаруашылық жасақ және оқшауланған аймақтағы жазасын өтеушілер сотталғандар Абай Құанбаевтың қазақ еліне кеңінен таралған өлең шумақтарын айтты.
Іс-шарада видео-проектор арқылы экранда викториналық сұрақтар қойылып ойындар ұйымдастырылды жазасын өтеушілер жауап беріп отырды. Жазасын өтеуші сотталған Е.Абдурахмонов осы іс-шараға қатысқан сотталғандарға Ұлы Абайдың шығармашылығы, оның ұлылығы мен тың қырларын ашып, жаңа сырларына қанықтрып,оның қазақ әдебиеті тарихында ерекше орны бар классик ақын екендігі туралы айтып өтті.
Іс-шара соңында ГМ-172/10 мекемесі бастығының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары әділет подполковнигі Есбулат Ағлепесұлының жазасын өтеушілерді мерекелік іс-шараға белсене қатысқандары үшін алғысын білдірді.