“Абай” журналы

“Абай” журналы
жеке
блог


“Ұлы” деген атқа лайық, қазақ әдебиетіндегі жалғыз тұлғасы Абай атамыздың есіміне берілген журнал туралы ой тарқатпас бұрын, тарихына біршама көз жүгіртсек.
1904 жылы өмірден өткен Абай атамыздың он жылдығына байланысты өткен Семей қаласындағы жиналыстан кейінгі қазақ зиялыларының бастамақшы болған ісі еді.Журналдың шығу тарихы сонау кеңестік қызыл империяның қысымы кезінде бастау алған соң, 1914 жылы жарық көрмекші болған журнал, 1918 жылы ғана қалың бұқараға жол тартқан еді.
Осылайша, қазақ әдебиетінің негізін қалаушы, белді мүшелерінің бірі-Жүсіпбек Аймауытовтың редакторлығымен аталмыш жылдың ақпанында әдеби-танымдық, шаруашылық журнал Семей қаласында шыға бастады. Журналдың ресми редакторынан бөлек онымен бірге “Екеу” деген бүркеншік атпен басылымның шығуына ықпал жасаған Мұхтар Әуезов болатын.
Аталмыш редактор Жүсіпбек Аймауытовтың “Журнал туралы” атты мақаласында айтылып отырған басылымның шығу тарихы кезінде туындаған қиындықтары мен шыққаннан кейінгі де тартқан зардабы туралы ақпарат ала аламыз.
Абай Құнанбайұлының тек қана әдебиетші емес сонымен қатар, адамшылдық, тәрбие, ғылым мен шаруашылыққа да көп көңіл бөліп, қалам тартуы журналдың да бағытының неліктен тек әдебиетке арналмағандығын аңғартады.Сол себепті, аталмыш басылымда тек бір жанрда ғана емес бірнеше жанрда да қызмет көрсеткен қазақ әдебиетінен ойып тұрып орын алған тұлғаларды да байқай аламыз. Шәкәрім Құдайбердіұлы, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Сәбит Дөнентаев, Ғұмар Қарашев, Смағұл Садуақасов, Халел Досмұхамедов секілді әдебиетшілер өз бағыттарымен атсалыса отырып журналдың жан-жақты болуына өз үлесін тигізді.
Журналда сөз болып отырған тұлғалардың көптеген ағартушылық ілімі де жарық көріп отырған, алайда, бір жыл болар-болмас уақытта большевиктердің билік басына келуіне байланысты журнал біржола жұмысын тоқтатты.