Абай жолы неге қазіргі ұрпақты қызықтырмайды?(Абай жолы арқылы барша қазақ әдебиетін айтам)
блог
Абай жолы қазақ әдебиетінің ең бір керемет шығапмаларының бірі. Осы шығарма арқылы біз қазақ халқымызды жақсы да жаман жағынан танимыз. Өзім кезінде оқығанда сол кітапқа кайта келіп кайта-кайта оқығым келіп тұратын. Халқымыздын аса дарынды ақын жазушымызға одан бетер жақындай түсетінмін. Соның өмірі арқылы қазіргі өмірдін қаншалықты өзгергенін байқатынмын.
Алайда қазір байқайтыным меннен кейінгі ұрпақ жастар Абай жолы түгіл қазақ әдебиетінен мүлдем хабары жоқ деп айтсам артық айтпаймын. "Қандай кітаптар оқисын?" деген сұраққа сұраққа көбінесе шетел жазушыларының кітаптарын тізіп береді. Ол кітаптарды өзім оқымадым деп айта алмаймын, бірақ өзіміздің еліміздің әдебиетінен еш артықшылығы жоқ қайта кемшіліктері толып жатыр.
Осы сұраққа көп ойланып басыма көптеген ойлар келді. Мумкін жазылған тілі қиын шығар, кітап мұқабасы қызықтырмайтын шығар, немесе Абай жолын немесе басқада қазақ шығармалар қызықтыратын көкірегінде патриоттық сезімі жоқ шығар.
Ал сіз қалай ойлайсыз?