Биылғы 2015 жыл Қазақ еліне құт қонған жыл болып жатыр, себебі, елімізде бір емес бірнеше той аталып өтілуде.Айта кетсек, Жеңістің 70 жылдығы, Ассамблеяның 20 жылдығы, Конституцияның 20 жылдығы, Қазақ хандығының 550 жылдығы және ұлы ақын Абайға 170 жыл толады.
Абай атамызға қандай мақтау айтсақ та жарасады. Оның ұлылығын қазақ түгіл әлем мойындаған. Осы жазбамда әдеттегіше Абайдың өмірбаянын емес, Абайды қазаққа танытқан Мұхтар Әуезов пен жыр алыбы Жамбылдың ерекше әңгімесін ұсынғым келіп отыр.
Мұхаң жыр алыбынан, өзі атаған ХХ ғасырдың Гомерінен, бәлкім, сынағысы келді, бәлкім, шын білгісі келді, өзінің ардақты адамы Абай жөнінде мынадай сұрақ қойыпты.
Мұхаң:Жәке, қалай ойлайсыз, Абай ақын ба?
Жамбыл: Жоқ, Абай ақын емес!
Әуезов мұндайды күтпеген. Тамсанып-ақ тыңдаған. Әсіресе, Құнанбай екеуінің арақатынасы туралы көп сұрады. Тамсанған да, таңғалған да. Пушкиннің Онегинінің Тәтіш әні туралы естіп, оны тыңдаған да. Сол Жамбыл "Абай - ақын емес" дейді. Бұл қырсық шалға не шара? Сонда ақын кім?
-Ақын деген мына мен, біздер!... - деді, ол "Шоң қазаққа" көзін қадап. Өңінде бір өзгеріс жоқ. Шынын айтып тұрған сияқты.
Мұхтар Абайдың жазба әдебиетінің алыбы екені туралы әңгімеледі. Жамбыл үнсіз.
Әуезов күп-керең боп, үндей алмай қалды.
-Абай дегеніміз - ақындардың пайғамбары ғой! - деді Жәкең жымиып. Әуезов дана қартты құшақтай алды.
P.S. Абай атамыздың 170 жылдығы құтты болсын! Киелі рух әрқашан елімізді қолдай жүрсін!