Абай - дара тұлға

Абай - дара тұлға
жеке
блог

Дәл осы мақаламда Абайдың жеке өмірі, қалдырған игі жолын, пайдалы әдеттері туралы айтатын боламын. Һәкім Абайдың игі жолы қазақ ұлтына үлгі боларына сенемін.

  Абайдың тәрбиесі өте керемет еді. Мен қатты қызығамын. Ол кішкентай кезінен мұсылманша сауат алып, әжесінің әңгіме-ертектеріне қанық болып, өседі. Ерекше тәрбиенің ортасында өскен. Анасының әңгімелерін тыңдап, би және шешендердің жыр-дастандары, қиссаларын естіп өседі. Қандай керемет, иә? Абайдың әкесі  қатал еді, бірақ тәлім-тәрбиені аямай береді.

   Абайдың әкесі ол үшін дара тұлғалардың бірі. Ел ісіне кішкентай кезінен баулыған адам болды. Абай атамыз кітап оқуды жаны сүйетін. Ол өмірінің соңына дейін кітап оқумен шұғылданған. Жазуды қатты жақсы көреді. Өте көп уақытын кітап оқуға, жазуға арнайды.

  Абай жас кезінде біршама уақытын ғылымға арнамағанына қатты өкінеді. Жастарға ғылым-білімге жақын болуға шақырады, өсиет қалдырады. Абайдың шын сүйіп қосылған жары – Шүкіман (Әйгерім). Екеуі бір-бірін қатты  жақсы көреді.

   Оның көптеген өлеңдері бар. 45 қара сөзінен көптеген тәлім-тәрбие алуға болады – деп ойлаймын. Адалдылық, әділділік, адамгершілік туралы біраз сиясы аққан қағаздарды қалдырды. Біз оның құндылығын біліп, өмірімізге қолданысқа енгізуге тиіспіз.

   Абай атамыздың жүзі том-том кітаптарды көргенде қуанышқа толатын. Ол бірнеше тілдерді меңгереді. Тілдің маңызын да атап көрсетеді. Шет тілдердегі өлеңдерді, әңгімелерді қазақ тіліне аударған. Сегіз қырлы, бір сырлы тұлғалардың бірегейі.

   Ол балаларын орысша оқытады. Әбіштен зор үміт күткен. Баласын Мәскеуге де жіберген. Мен «Абай» телехикаясын қараған кезімде, Әбіш өзінің әкесінен аумай қалған. Менің меңзегенім мінез жағы еді. Әбіш адалдылықты, әділділікті жаны сүйетін. Барынша білім алып, еліне беруге тырысқысы келген.

  Достары да өзіне ұқсайды. Неге? Себебі, олар да ізденісте жүретін, музыкадан хабары бар, жазуды жақсы көретін тұлғалар ғой. Абай өзінен үлкен адамды ерекше құрметтейтін. Тіпті, өзінен кіші жастардың да білімге құлшылығын байқап, керек қасиеттерін өзіне түртіп алатын.

  Ел ішіндегі жағымды емес жағдайларды кітаптан түйгенібойынша шешіп отыратын. Бұл Абайдың қызықты әдеттерінің бірі. «Абай жолының» 3-ші томында ол қазіргі Қазақстанды аңсап, бір жылап та алған секілді. Ол бейбіт елде тұратын қазақтарды көз алдына елестетіп, армандады.

   Қазақ еліне деген жанашырлығы, сүйіспеншілігі үнемі жоғарғы орындарда тұрды. Оның патриоттылығында сөз жоқ. Абай атамыз жарлыны жарлы деп кемсітпейтін. Байды бай деп оған жағымпаздық танытпайтын. Адамдардың барлығын бірдей көріп, бірдей құрмет танытады. Осыдан – ақ оның адамгершілігін аңғаруымызға болады.

   Оның өмірінің соңғы кезеңінде кейбір жағдайлар ауыр соққы болып тиеді. Қандай жағдай екені бәрімізге де мәлім шығар. Дәл осы кезде өмірін жалғыздықта өткізгісі келіп, жанына қалам мен қаламсабын серік етеді. Күні-түні жазумен айналысады.

  Абай атамыз ішіндегі болып жатқан жағдайдың барлығын шығары үшін қағазға жазып-жазып тастайтын. Сонымен қатар, ол өте көп шүкіршілік ететін. Бұл Абай атамыздың пайдалы әдеттерінің бірі  деп айтсам да болады.

  Қорытындылайтын болсам, Абай атамыздың салып кеткен ізгі жолы ардақты әрі қызықты. Бұл зерттеуді талап етеді. «Абай жолын» оқып, зер салып қарайтын болсақ, керемет түйін алып шығарарымыз сөзсіз.