Абай - дара, Абай - дана қазақта!

Абай - дара, Абай - дана қазақта!
жеке
блог

   Биыл 10 – тамызда ұлы ақынымыз Абай Құнанбаевтың туғанына 167 жыл толды. Көзі ашық, көкірегі ояу саналы азамат Абай атамыздың туындыларын нәр ала оқиды. Абай атамыз өзінің ұшқыр ойымен бүкіл халқымыздың жүрегінен орын ала білді. Мен Абай Құнанбаев атамыздың өлеңдерін сүйсіне, тамсана оқимын. Абай Құнанбаев атаға жазған өлеңді сіздермен бөліскім келіп отыр:

      Қадірлі Абай атаға

Атағы жер жүзіне дүрілдеген,

Бұл біздің Абай ата гүрілдеген.

Құнанбаев атамыз жер жүзінде,

Танылған бар әлемге өлеңімен.

 

Барсам да, әрбір елге әр қалаға,

Өмірден аз хабары бар адамда.

Білмейтін Абай атаны жан көргем жоқ,

Мен бұған қуанамын, таңданамда.

 

Айтайыншы таңқалудың енді жайын,

Ұшқаны атақ-даңқы көрген сайын.

Көз алдыма келтірем сол бейнесін,

Кәдімгі жақсы адамды қарапайым.

 

Абай атамыз адамдықты қалаған,

Ақиқатты бетке қарап қадаған.

Атамыздың атағына асқар тау тең,

Жақсы қасиет өн бойында тараған.

Яяя, Абай ата құдіретіне жетпейді ғой ештеңе, еңбегіңіз үлгі болар біздерге, өшпесе екен артта қалған еңбегі!!!