Мен бұл мақаланы ғалым Ақжан Машановтың ғылыми деректеріне сүйене отырып, жаздым. Болашақ- бүгінгі біздердің еншімізде. Абай шығармаларында «толықадам» туралы айтады. Яғни, менің түсінігімде толық адамжаңа ғасырдың жаңа технологияларын игеріп, барлықсаладағы цифрландыру бағдарламасын меңгерген білімдіжастар деп ұғамын.
«Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін», — деп қалың елінпарасат биігіне шақырған ақын Абай осы өлеңіндегі айтаройын жігіттерге қарата айтқанымен, жалпы әлеуметкерухани азық боларлық талай дүниеге қайыра зер салуғашақырады.
Хакім дәрежесіне көтерілген данышпан ақын дүниеніңкөрінетін сыры мен көрінбейтін сырын ұғынуғабаршамызды жалықпастан шақырған ғажайып тұлға. Сондықтан да, «Екі түрлі нәрсе ғой сыр мен сымбат, — деп, шын күле алатын ерді сұхбатқа шақырады.
Қазағының мінезіне қаны қайнап, жаны ашыған ақынталапты болудың бозбалаға керек іс екенін алдымен атайды. Мұның артында өнерді үйрену, өнер үйреніп жатқанбасқалардан кем болмау, жақсы қылық пен мінездің иесіболуға үндеу жатыр. Бүгінгі күннің жігіттері үшін де Абай атамыздың бұл ақылы күн тәртібінен түскен жоқ деп айтқанболар едім. Себебі, бой жарыстыратын емес, ой жарыстыратын бүгінгі жаһандану заманында талаптанғантұлға ғана басқаға қызмет етпейді, басқаны өзіне қызмететтіреді.
Бүгінгі жаһандану дәуірінде басқалармен қоғамдасаалған, басқалармен тіл табыса алған адамның ғана ісі алғабаспақ. Оны Абайдың ізін жалғастырған даналарымыз да, бүгінгі ұлт зиялылары да қадап айтып келеді. Осыдан екіғасыр бұрын осы категорияны тайға таңба басқандай етіп, қолымызға мөрлеп ұстатқан ақынның болжағыштығынақалайша қайран қалмассың?! Бұл турасында ақын:
«Жетпесе, біріңдікін бірің жеткіз…», немесе «Біріңніңбірің сөйле сөзің тосып», — деп, шын көңілмен тату болуға, қиянатшыл болмауға шақырады.
«Кей құрбы бүгін тату, ертең бату», — деп тілеуі мен жақындығы сатқындыққа құрылған арсыздықтан безугеүндеген Абай өзі де бұл қиянатты бір кісідей басынанөткергенін білеміз. «Ғылым таппай мақтанба», — дегенәйгілі өлеңін мектеп қабырғасындағы әрбір қазақ баласыжастайынан жаттап өседі. Ғылым тапсаң ғана тіршілігіңмәнді, сәнді болатынын бүгінгі жаһандану заманы дәлелдепотыр. Ғылымның арқасында Билл Гейтс, Илон Маск, Джек Ма деген әлемді аузына қаратып отырған тұлғалардыңөнертабыстары күллі дүниені тамсандыруда. Осы өнертабыс иелерінің сара жолын Абай атамыз ХІХ ғасырдың шенінде айтып, ұлтымыздың жастарынтәрбиелегісі келіп еді. Өсек пен өтіріктен, мақтаншақтықпен еріншектіктен, бекер мал шашудан аулақ болуға үндегенАбай атамыздың тәрбиелік жолын кім қате дей алады? Талап пен еңбекке жақын болсаң, терең оймен қарулансаң, алынбайтын асудың болмайтынын айтудай-ақ айтты ғой. Осы тәрбиесіне көніп, ақын көрсеткен жолға түскен қазаққанша екен? Қанша болса да, аздық етпесі анық. Бүгінгітәрбиеміздің де басты бағыты осы болса, тура жолданайнымағандық болар еді деп сенімді түрде айта аламын.
«Парасат – қасиет, парасатсыздық – қасірет», — депакадемик Зейнолла Қабдолоа атамыз айтқандай, Абай атамыз айтқан жақсы мінез бен көркем әдеп, «бес асыл іс» бүгінгі қазақ баласының ойынан шығармас ұстанымы болу керек деп санаймын.
«Адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінездеген нәрселермен озады деген» — Абай қағидасы бүгіндеақиқатқа айналып отыр. Одан өзге нәрселермен оздымдеудің бекершілік екенін өмірдің өзі күн сайын дәлелдеуде. Сондықтан, бүгінгі қазақ баласына да Абай толғаныстарыадастырмас Темірқазық болып қала беретіні күмәнсіз.
Өз ізденісім бойынша маған ерекше әсер қалдырғанАбай дариясының тағы бір саласы – шығыс шайырларыжеткен биіктен асып түскен тың көзқарасы болды. Ол – Ескендір Зұлқарнайын туралы дастан жазуы еді. Абайдыңхакім болып қалыптасу жолында мол сусындаған үшарнасының бірі – Шығыс әдебиеті болғаны белгілі.
Сол шығыс әдебиетінде Құранда айтылатынЗұлқарнайын мен Македония патшасы Александрды бірадам деп қарайтын жағдайлардың барлығын атақты ғалымАқжан Машанов өзінің «Әл-Фараби және Абай» аттыеңбегінде жан-жақты талдап көрсетеді.
Абай нәр алған шығыс ақындары Фирдауси «Шахнамада», Низами «Ескендірнамасында», Әлішер Науаи «Ескендірқорғаны» атты шығармасында екі Зұлқарнайынды бір адамдеп есептеп, аса дәріптеп жазған.
Абай атамыз өзіне дейінгі шығыс ақындарының дәстүрліжолына түспейді, оларға қарсы шығады. Мұныбілмегендіктен емес, саналы түрде барып отыр деп санауғаболады. Себебі, ақын былай деп түсіндіреді:
Қарның тойса, қайғырма мақтан үшін,
Тоймас көзің толар деп қайғы жеме. Мұндағы ақынның ой салатын мағынасы – «мықты болсаң, өзіңнің нәпсіңді жең». Абайдың поэмасын «Осы жұрт Ескендірді біле ме екен?» деп бастауы тегін емес.
Өйткені, екі Ескендірді шатастыру бар екенін ақын жақсыбілген екен. «Мұны бір өзге сөздің бірі деме» — депескертуінен А.Машанов үлкен ой түйеді.
Сұмдықпен әскер жиып қаруланды,
Жақын жерге жау алып тура аттанды… – деген жолдарарқылы Ескендір жорығының зұлымдығын сипаттау жатыр.
Науаи сипаттауы бойынша Иеменге, Меккеге барғанЕскендір Македонский бұл жерлерде ешқашан болған емес.
Ғалым А.Машановтың пікірінше, Ескендірдің бетінқайтарған ең шеткі қақпа – Отырар болған. Оның жанынанаққан қасиетті су – Сырдария өзені. Ескендір елде алмағанхан қоймады, Алған сайын көңілі бір тоймады. Араныбарған сайын қатты ашылып, Жердің жүзін алуға ой ойланды.
А.Машановтың тың көзқарасы бойынша бұл жолдарРесей империясының Азия елдеріне деген отарлаушылықсаясатын көрсетеді. Сырдария өзенінің ертедегі атауыбойынша «Яқсарт» деген аңызға сүйенсек, пейіштеншыққан өзеннің бірі. Осы жағынан Абай шығармасындатарихи негіз жатыр.
Қорыта келгенде, Абайдың «Ескендір» поэмасы тарихиЕскендір патшаның бейнесін реалистікпен сомдаған туындыболып шығады. Өзіне дейінгі шығыс шайырларыныңдастандарын нәзира үлгісімен жырлаған Абай Құрандаайтылатын Ескендірге қатысты оқиғаларды тарихтағыЕскендір патшаға телімейді. Сол себептен, «Осы жұртЕскендірді біле ме екен?» – деп, өз шығармасын жазудатарихаи шындық пен аңызды тереңнен зерделеп барып, қолына қалам алғанын байқау қиын емес.
Өркениет тарихына көз жүгіртетін болсақ, дүниеніңдөңгеленіп, тоқтаусыз кетіп бара жатқанын пайымдауғаболады. Мұны қаншама елдің данышпандары зерделеп, өзбайламдарында айтып та келеді.
Әркімді заман сүйремек,
Заманды қай жан билемек?
Заманға жаман күйлемек,
Замана оны илемек, – деп келетін Абай толғанысы бар пайымнан артық көрінеді. Меніңше, бұл тұжырымныңайтпағы – заманның ағысында асау толқынмен не алысқан, не табысқан жан ғана мәнді өмір сүрмек.
ХХІ ғасырдың биігіне шыққан адамзат өркениетіндеәркімнің жолы әрқалай… Біреу қыранша қалықтап барыпқонақтай алса, біреу жыланша жорғалап та барады.
Жаһандану атты үрдістің көмейіне жұтылып кетпесүшін қайтпек керек? Өзгеріп жатқан әлемнің сырынқалайша аңғарып, қалайша ілеспек керек? Тағы да ХакімАбайдың пәлсапасына жүгінгеніміз жөн сияқты. Данышпанның толғамын түйіндейтін болсақ, мынадайқорытындыға келеміз: «Дүниенің көрінетін жәнекөрінбейтін сырын меңгерген жан ғана кемел немесе«толық адам» бола алады».
Дүниенің көрінетін сыры – материалдық игіліктеннесібеңді табуды меңзесе, көрінбейтін сыры – руханижетілу мен жаратылыстың ақиқатын түйсіну деп білемін.
Ал бүгінгі шыр айналған дүниенің дидарын бажайласақ, әрбір өзін сақтағысы келетін пендеге мына төрт амалдыңсептігі тиеді. Олар: Өмір сүре білу. Жұмыс жасай білу. Басқалармен бірге өмір сүре білу. Үйрене білу. Осы жолдарды амалдасаң, ісің алға басады, қапы қалсаң, ешкімге өкпе артпайсың.
Өмір сүре білу – мігірсіз ізденісті, яғни қарекетті керекетеді, жұмыс жасай білу – Абайша айтсақ, пайданы «не маңдайдан аққан терден, не жерден сұрау» болады. Ал басқалармен бірге өмір сүрудің жарасымын келістіре алсаңжарадың, жалықпай үйренудің қамын қылсаң, өрлегенің. Әлемдік ойшылдар осыны ұсынады.
Атақты қытай ойшылы Конфуцийдің мына сөзі баршаұлттың барша адамына арналған: «Аспан астының көркеюімен күйреуіне әрбір азамат жауапты». Яғни күнде құбылғанәлемдік өзгеріспен саналы түрде өзгеріп, үлес қосу – ынталы жанның соқпағы болмақ.
Өзгерген дүниенің сырын ұғып, өзіңді жетілдіре беру дүниедегі орныңды айқындайды деген қорытындыға келдім.