Абай әлемдік қайталанбас тұлға

Ұлы Абайдың бізге мұра етіп өшпестей із қалдырып кеткені баршамызға мәлім. Осы сәтте Абайдың шығармашылық мұрасы – халқымыздың ғасырлар бойы маңызын жоймайтын рухани қазынасы десек те артық айтпаспыз. Шығармашылық мұрасының құндылығын жоғалту былай тұрсын, заман ағымы өзгеріп, қоғамдық санада күрт өзгерістер пайда болған сайын бұл асыл қазынамыз өзінің жаңа бір қырларымен ерекшелене түсетініне Абайдан кейінгі уақыт өзі себепші.

Ұлы ақын өмiрi, мұрасы ақындықтың, ойшылдықтың, данышпандықтың кемелі ғана емес, ең бастысы, ұлтын сүйе білудің, халқына жанашыр бола білудің бір өнегесi. Абай ‒ дара ақын. Ол өзінің өлеңдерімен ғана ел көзіне ерекшеленіп қана қоймай, ұшан-теңіз білімімен де бүкіл адамзат баласының ой-санасына енген кемеңгер ақын. Ол ‒ нағыз ғұлама ақын. Оның поэзиясының өзінде бір керемет сезім бойыңда пайда болатындай адамдарға деген сүйіспеншілік пен жанашырлық лебі есіп тұрады. Осынау қазақ ақынын толғандырған мәселелері қазірдің өзінде кез келген адамзат баласының көңіл пернесін дөп басып тұр десек, артық айтқандық емес. Егер бүгінгі көзқараспен қарайтын болсақ, Абай ‒ қазақтың ғана емес, әлем ақыны. Абайдың білім мен адами құндылыққа деген сенімі демократияны ұстануына негіз бола білді.

Бəріміздің де ақын өлеңдерін оқыған кезде бойымы- зды патриоттық сезім билеп кететіні сөзсіз. Əрбір өлең, əрбір шумақ, əрбір қатар əр адамның жүрегін елжіре- тетіні де сөзсіз. Ақынның өлең үшін жаралғаны, оның құдіреті осыдан-ақ білініп тұрады.

Биыл міне, 2021 жылы ақынның туғанына 90 жыл толып отыр. «Жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді» дегендей, дүниеден ерте озса да ар- тына жүздеген асыл қазына қалдырып, өз атын тарих- та алтын əріптермен, мəңгілік жазып қалдырып кетті. Оның «Егер сіздер шынымен менің өмірбаянымды, шығармашылығымды зерттемек болсаңдар, онда мен не жазам, соның бəрін түгел оқып шығуды ұмытпағайсыздар.    Мені    өз    өлеңдерімнен    бөліп қарамауларыңызды өтінемін» деген асыл сөзі оның бар түйсігін, ақылын, жүрегін тебіренту үшін, ой салдыру үшін айтылады. Егер оқыған жұртты тебірентсе, оларға ой салса, сондай-ақ одан қорытынды шығаруына жол ашса, бұл көркем шығарманың мақсатының да, даналар ойының да жүзеге асқаны. Сондықтан да қай қоғамда болсын дананың ойы осы үшін керек, өйткені қоғам бірқалыпты дамымайды. Абай да өзінің өлеңдері арқылы қазақ халқын да жақсылыққа, ертеңгі жарқын өмірге же- телеп келеді. Өйткені қоғамның дамуы бір ұлттың жеке басының еркіне, бір адамның жеке қалауына байланысты емес. Қазіргі жаһандану заманында, бүкіл адамзаттың тамыр-жүйкесімен астасып жатқан кең ұғым. Абайды танып білмей қазақ болу мүмкін емес. Артында өлмейтін мұра қалдырған неткен дана еді. Абай шығармаларын қанша оқысаң да ойдың тереңіне бойлап кетпеу мүмкін емес. Абай – қазақ тарихындағы қайталанбас сом тұлға. Абайды тану бұл қазақты тану деп бекер айтылмаған.Сол себептен әрбір қазағыма Абайды танып білу маңызды.

 

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің философия кафедрасының

доценті  Жанатаев Д. Ж

физика техникалық факультетінің магистранты Тілеу Г.Б



Бөлісу: