Өзі алданып, өзгеден соққы жеген
Және өзі біреуді алдай алмас.
Пайда ойлама, ар ойла,
Талап қыл артық білуге.
Пайданы көрсең бас ұрып,
Мақтанды іздеп қайғы алма.
Мініңді ұрлап жасырып,
Майданға түспес бәйге алма.
Сөз танымасқа сөз айтқанша, өзіңді танитын шошқа бақ.
Сөзіне қарай кісі ал,
Кісіге қарап сөз алма.
Тез үйреніп, тез жойма,
Жас уақытта көңіл-гүл.
Тұрлаусыздың қолынан не келеді,
Ынтасыз қайтіп өнер үйренеді?
Уайым-ер қорғаны; есі барлық.
Уайымсыз салғырттық-дәулеттің, ақылдың, ардың дұшпаны.
Үш-ақ нәрсе-адамның қасиеті:
Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек.
Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды-дағы, сондайда білгені, көргені көп адам білімді болады.
Адамға ғылым-білімді көбейтуге екі қару керек: бірі-пікірлеспек, екіншісі-берік сақтау.
Адамның қызықты нәрсесін іздеген кезі өмірінің ең қызықты уақыты болып ойында қалады.
Басына һәм өзіне өзгешелік бермек-адам ұлын бір бұзатын іс.
Біреуді ызаландырмақ-шариғатқа, шаруаға залал, ақылға теріс.
Үлкендік-адам ішінен өзін-өзі бағалы есеп қылмақ.
Ұят деген адамның өз бойындағы адамшылығы, иттігіңді ішіңнен өз мойыныңа салып, сөгіп қылған қысымның аты.