Абай

Бүгінде аз өзіңдей ойшыл ақын,

Ешқашан ұмытылмас Абай атың.

Жастарға сен қалдырдың өсиетті,

Өшпес мәңгі әнің мен жазған хатың.

 

Әндеріңді бүгінде бүкіл әлем білер,

Естігенде бойы балқып,құлақ түрер.

Өлеңменен қара сөзді мұра еттің,

Керегін ойға тоқып,көңілге ілер.

 

Өзін емес ойлады тек қазақты,

Елі үшін көрген талай азапты.

Рухыңызға бас иеміз бүгін біз,

Ешқашанда ұмытпаған Аллаһты.

 

Сен ғана біз үшін ұлы тұлға,

Ұлыларды болмайды ұмытуға.

Абай деген ұлы есімді ұлықтап,

Толды бүгін көкірегім өлең жырға.

 

Қалдырдың бізге таусылмайтын мұраны,

Өлең-сөзің қазағымның ұраны,

Сарайларда,мектептерде ілініп.

Тек өзіңнің ұлы есімің тұрады.

 

Жырладыңыз шырылдап өмір шындығын,

Уайым жеп,ойлап халқыңыздың бірлігін.

Қайран елім,қазағым деп,ұран сап

Жан беретін өзіңіздей кім бүгін.

 

Абайды оқып бойымызға нәр алдық,

Абайменен қазақ болып жаралдық.

Талантыңа тәнті болып еліңіз,

Сізді ойлап көзімізге жас алдық.



Бөлісу: