Ұлы ақын
Алашта туды ғой ақын мықты,
Сөзімен ел деп күйіп, ерді жықты.
Жасынан жырлап өсті әділдікті,
Тегінен Құнанбайдың Абай шықты.
Жас ақын он үшінде ел биледі,
Араб, парсы тілдерін жетік білді.
Шығыстың туындысын сүйіп оқып,
"Масғұтты" поэмаға арқау етті.
Тіршіліктің тұтқасы еңбек деген,
Бес жақсы, бес жаманды айта кеткен.
Абайдың бізге жеткен өнегесі,
Тау суындай таусылмас мөлдір екен.
Хат танып мұсылманша, өлең жазды,
Әншілік, сазгерлікті бағалады.
"Қара сөзбен" атанған-Ұлы ақын,
Тума талант егесі, аудармашы.
Қазақтың бас ақыны һәм ұлы,
Кешегінің тектісі Абай болды.
Ақындар ұстаз етіп, арнау оқып,
Бүгінде есіміңе тағзым қылды.