Ә.Балғынбаев және тарихы терең «Торғай газеті»

Ә.Балғынбаев және тарихы терең «Торғай газеті»
жеке
блог

Ә.Балғынбаев және тарихы терең «Торғай газеті»

Әдебиеті мен мәдениетінің қаймағы бұзылмаған киелі мекен. Бас идірер ата мекеніміз, халықтың тарихи қойнауы. Талай – талай айтулы тұлғаларды, атақты адамдарды түлеп ұшырған туған мекенім. Әрине, айта берсең сөз де, уақытта жетпес. Енді сол киелі мекеніміздің баспасөз құралы газетті тілге тиек етсек. 1869 жылдағы қаңтардың 2 жұлдызында Сібір және Орынборға қарайтын аумақ қайта тұрғызылды. Бұл аумақ «Торғай» облысы аталған болатын. Қазақстанның біраз жерін алып жатқан облыстын құрамында 28 болыс 4 уезд болды. «Торғай» газетінде Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсариннің өмірі мен қызметін таныстыратын материалдар жараланып тұрған.

1902-1906 жылдары Орынборда шығатын баспасөз органдарына жетекші болған Торғай облыстық басқармасының газет столының төрағасы Ә.Балғынбаев еді. Балғынбаев жайлы деректер аз деседі. ҚСЭ-дағы аздаған деректерге сүйенсек: «Торғай облыстық ведомостволары» газетінің редакторы (1902) Ә.Балғынбаев тек әкімшілік жұмыспен ғана айналыспай өзі де жиі-жиі мақалалар жазып тұрды. Қазақ тіліндегі материалдарды орыс газеттеріне аударып беріп отырды» - делінген.

«Тургайская газетаның» 1895 жылғы 45-нөмірінде «Қарабұтақтағы қыздардың орыс-қазақ училищесінің ашылуы». Бұл мақала арқылы Ә.Балғынбаев өзінің публицисттік қызметін бастаған болатын. Ә.Балғынбаев Орынборда шығып тұрған басылымдарда ғылыми мақалаларын және халық ертегілері, аңыз т.б. үлгілерін орыс тіліне аударып жариялап отырды.

Негізінен, материалдар қазақ және араб әріптерімен қазақ тілінде берілген. Осы кезде айта кететін жайт, таза қазақ тілінде материалдар жариялау «Тургайская газетадан» басталған.

Биыл Торғай газетінің бастау алғанына 153 жыл. Соған орай өзімнің қорытынды ойымды өлең жолдарымен аяқтасам:

Бабадан мұра болған Торғай далам,
Армандап сонау қалған талай адам,
Тектілердің ізінен еріп келем
Өкінбес бұны көрсе, қайран бабам!

Сейтқасымова Самал Саматқызы
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, журналистика факультетінің 1 курс студенті