А-зона
блог
Пролог
Жер картасында едәуір алқап елді мекенсіз болып көрінгенімен құпия
әскери қалашыққа жолды білетіндер бар болып шықты.
Қалашық
Елу жыл бұрын. Ерекше әскери бөлім орналасқан жерде әскери қалашық салына бастады. Бір-екі жыл ішінде төрт-бес қабатты үйлер бой көтерді, саны қырыққа жетті. Үлкен қорап түзейтіндейкөп қабатты үйлердің қабырғаларынан бір-бірімен түйістіре топтастырылып салынды. Орталық көше соңында «офицерлер сарайы»
тұрғызылды. Ғимарат сырты гранит таспен қапталды. Фасады Парфенон храмының
үлгісіне сай. Маңдайшасында Советтер одағының гербінің барельефі де бар.
Қазіргі кезде ғимаратты түзеген сәулет элементтерінен аман-сау қалғаны: периметрі бойынша орналасқан колонналар, қабырғалары. Қала тұрғындары қаланы тастап кетер алдында мұнда өрт шығып, ғимарат қазіргі кейіптегі қирандыға айналады. Жиырма жыл бұрын құпия әскери бөлімше таратылған соң әскерилермен бірге тұрғындар да үйлерін босатты. Қалашық иен жерге айналды.
Күтім көрмеген, әрбір үйдің ауласына отырғызылған қара ағаштардың кейбіреулері кеуіп қу ағашқа айналды. Кейбіреулері түптерінен жайылып қалың тоғай болып өсті. Қазір қу ағаштар бастарында құстар ұясы бар.
Көптеген үйлердің терезелерінің жақтауларындағы ағаштары (шыны ұстаған рамалары) шіріп – үгітіліп, терезе шынылары түсіп немесе жартылай сыныпты. Шынысы жоқ терезелердің ар жағындағы қара қуыстан: бірде қарғалар ұшып шығады, бірде біреу затты сыртқа лақтырғандай болады. Жарық сәулесі түспейтін қара тұнық, не болса да соның ішінде жасырылуы.
Иесіз ешнәрсе болмайды. Бүгінгі күні қаланың жалғыз тұрғыны -құпия иесі бар.
(жалғасы бар)