А және Б нүктесі

    Менің бүгінгі айтайын деп отырғаным кез-келген адам үшін өте маңызды. А және Б нүктесі деп отырғанымыз біздің өміріміздің жақсы және жаман жағы. Кез-келген адам алғашқыда А нүктесінде тұрады.А нүктесінде ештеңеге қызықпайтын, жалқау, сабырсыз, негативті ойлауы күшті, жаман жаққа үйір немесе ұмтылысы жоқ адамдар қалып қояды. Ал Б нүктесінде бәрі керісінше мұнда ақылды, дамыған, әр түрлі қиындықтарға төтеп берген, өзінің ісіне көңілі толатын еңбекқор адамдар шоғырланған. Б нүктесіндегілердің барлығы А нүктесінен өзінің табандылығының арқасында жеткен. Бұл қоғамда өмір сүретін адамдардың үлкен екі тобы. Б нүктесінде тұратындар А нүктесіндегілерден аз блып келеді.
  Туылған кезден бастап кез-келген адам А нүктесінде тұрады. Сондықтан әркім өзінің Б нүктесін таңдап алуы керек. Бұл әр адамда әр түрлі болады. Мысалы сіз А нүктесінде тұрып мен өте атақты бизнесмен бламын деп мақсат қоясыз, яғни сіздің Б нүктеңіз осы болмақ. Осы нүктеге жету үшін көп еңбектенсеңіз жетесіз, бірақ көптеген адамдар бастамай жатып жарты жолға жеткенде басқа бағытқа бұрылып кетеді немесе кері шегінеді. Бұған әрине олардың сабыры немесе табандылығы жетңспейді. Б нүктесіне тек бәріне шыдаған қайсарлар ғана жетеді.
   Бұдан шығатын қорытынды сіз қазір дереу Б нүктеңізді таңдап алып тек алға жылжыңыз, сіздің қандай жылдамдықпен қозғалғаныңыз маңызды емес тек тақтап қалмаңыз. Төзімі жетпегендер А нүктесінде қалып қояды.

Басқа да жазбаларды менің сайтымнан оқи аласыздар.



Бөлісу: