XXI ғасырда ертегі болады ма? Иә, болады екен! Сол ертегілердің бірін Еventica компаниясы ұйымдастырып жатқан болатын, алайда мен оған өкінішке қарай өте алмай қалған едім. Бұл жайлы өзімнің постымда да жариялаған болатынмын. Осылайша "эх, жарайды" деп жүргенімде, алдымнан ҚазҰУ - дың жарнамасы шыға келді. Бұл жарнама қуантты, ойға қалдырды...
әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті "Қызғалдақ Балы" атты бал ұйымдастырып жатыр. Кеш Алматыдағы «Бақшасарай» қабылдау үйінде, сәуір айының 22-де өтеді.
Афишаға сенсек:
1. Балды "Балапан" арнасының жүргізушісі Тахир Сұлтан жүргізеді;
2. Арнайы шақырылған қонақ - Нұрлан Әлімжанов;
3. Аса қадірлі қонақтар - ҚазҰУ ректоры мен проректоры;
4. Ұйымдастырып отырған - ҚазҰУ-дың "Жастар Ұйымдарының Комитеті", "Магистранттар мен докторанттар Ассоциациясы" және "Festivent" Event - агенттігі.
Өткен сенбі күні дебютанттардың кастингі өтті. Мен одан қаламын ба? Әрине, бардым. Кіре салғаннан ұйымдастырушылар жылы шыраймен күтіп алды, қолымызға анкета ұстатты. Оны толтырып болған соң сұрақтарын қоя бастады. Қойылған сұрақтар қарапайым. Олар мені "қинап" болған соң, дебютанттан журналист кейпіне ене кетіп сұрақтарды мен жаудырдым :-)
Жанның Саясы: "Бұл балдың жастарға пайдасы бар ма? Мақсаттарыңыз қандай?"
Балды ұйымдастырушылардың бірі - Баян Оспанова: "Пайдасы бар! Олай дейтін себебім, Балда классикалық әндер мен билер болады, дәл осы әндер мен билер жастарды өнерді сүйюге үйретеді, баулиды. Біздің басты мақсатымыз - осындай кештер студенттерге қолжетімді болса дейміз. Олар әлемдегі классикалық билерге үйренсе екен! Өнерді құрметтесе екен!" деп жымиды.
Сонымен қатар, маған ұнаған тұстары мыналар:
1. Дебютанттар саны - 30 жұп;
2. 500 билет сатылады, құны - 6000 тг. (билет ҚазҰУ-дың ректоратында, 11 қабатта КМО-да сатылады);
3. Қонақтарға алдын ала би тегін үйретіледі (егер қаласаңыз);
4. Кеш алкогольсіз өтпек;
5. Кеште ойындар ойнатылады;
6. Ханшайым мен ханзада таңдалады;
7. Ең әдемі көйлек киіп келген қыздарды, "позитивчиктарды", ең жақсы билеген бишілерді арнайы марапаттайды;
8. Жалғыз келсең де, жұп міндетті түрде табылады;
9. Жұлдыздар жанды дауыпен ән айтады (нақты кімдер екені - құпия);
10. Фуршет ұйымдастырылуда.
Қызықтыңыздар ма? Ендеше менің келесі постымды күтіңіздер. Себебі, осы сенбі күні тағы да кастинг болады (ҚазҰУ, ВШЭиБ, 3 қабат, 13:00 - ден 18:00 - ге дейін) . Сол күні сіздерге арнап толығырақ ақпарат жинап келемін. Ал менің өткен, не өтпегенімді сол күні біле жатармыз)))