XXI ғасырдағы ертегі... (Кастинг)
блог
Жексенбі күні, кешкі сағат 19:00 - де ағам екеуміз "Royal Tulip Almaty" қонақ үйіне кастингке бардық. Адам көп емес. IV Қайырымдылық Балының волонтерлері жымиып қарсы алды (байқұстар қайтсін енді, жұмыстары ғой :-) ). Менің суретімнің 20:25 форматында болған, сөйтсем бір волонтер қыз мысқылмен: "ой, мынау портрет қой" деп айтып үлгерді. Менде сыпайы түрде: "Ереже бойынша кез - келген көлемде әкелуге болады" деп кесіп айтып едім, "өтіңіз, өтіңіз" деп маған залды көрсетті. Бәлкім: "Бәлесінен аулақ" деп ойлаған болар. Себебі, мен оған жақтырмай қараған болатынмын.
Менің ойымша, мен қонақпын... Ал қонақтарға мысқылмен сөйлеуге болмайды ғой...
Міне, залға кірсем 10 - 15 - ке жуық жас қыздар мен жігіттер отыр екен. Маған 221 нөмір түсті. Барлығын кезекпен, нөмірмен шақырып жатты. Мен алғашында біраз қобалжып отырдым, бірақ 1 - 2 минуттан кейін көңілім орнына түсті. Себебі, өз - өзіме: "Өзіңе сен, өзіңе сен, бар болғаны кастинг" дедім.
Осылайша ойланып, аффирмацияны қайталап отырғанымда, Балдың ұйымдастырушысы Марат Омаров: "Номер 221" деді.
Мен орнымнан тұрып, Маратқа қарай беттедім. Алдына келіп отырғаным сол, қолымдағы суретімді сұрады. Мен жымиып: "Сурет тым үлкен екендігін айтып, қойды" деп едім, Марат: "Жоқ, жоқ, болады" деп жымиды.
"Нешедесіз? Бойыңыздың өлшемі? Қай жерде оқисыз?" деген сұрақтарды қойды. Мен оларға кезегімен жауап беріп отырдым. "Журналистпін, блогермін" деп едім, Марат: "ААА, бәсе жүзіңіз таныс, сұхбат алдыңыз ғой менен" деп күлімсіреді. Сосын "күтіңіз, жауабы сайтта шығады" деді.
Бар болғаны осы... 2 сағат дайындалып: макияж, прическа жасап барғанымда , кастинг бар болғаны 15 минутқа созылды (оның ішіне тіркелу мен күту кіреді).
Ал ары қарай не болатынын білгілеріңіз келсе, менің блогымды қарап жүріңіздер :-)