Қайырымдылық балдың жаңалықтары мен қайырымдылығы жайлы бүгін жалғастырамын деп едім, сөзімде тұрайын!
Балдың жаңалықтары мен қайырымдылық іс - шаралары:
1. Биылғы балда 9 жасар балериналар мен балерондар би билейді. Егер олар бұрындары тек қонақ ретінде келген болса, биыл бөбектер дебютанттармен бірге балды ашады. Ұйымдастырушылардың пікірінше, кішкентай балалардың осындай шараларға қатысуы олардың өнерге деген сүйіспеншілігін қазірден бастап арттырады. Оған қоса, кішкентай балалардың балды ашуы тарихта бірінші рет болмақ. Ешбір мемлекет әлі мұндайды жасамапты – мыс.
2. Дебютанттар қатарында балалар үйінің тәрбиеленушілері де болады. Олар балға тегін қатысады.
3. Биылғы дебютанттар қатарына Астана қаласының жастары да қосылады. Олардың репетициялары Астанада өтеді. Ал Алматыға келу жол ақысын компания өзі көтермек.
4. Соғыс ардагерлеріне де биыл балды тегін тамашалап қайтуларына мүмкіндік туып отыр.
5. Қонақтар саны кемиді: 2009 жылы – 2000 қонақ; 2010 жылы – 1500 қонақ; 2011 жылы – 1000 қонақ шақырылған болса, биыл бар жоғы – 540 қонақ шақырылыпты. Оған себеп, би билеген кезде қонақтардың залға симауларында.
6. Кештің жұлдызды қонақтары туралы өткен жазбамда жазғанмын - https://massaget.kz/blog/534.
7. Биылғы құрметті дебютанттар: «40 миллион теңге» шоу-бағдарламасының жүргізушісі - Әбдел Мұхтаров. Жас әнші – Луина. Қазақстанның теннис спорт ойынының чемпионы, әлемдік теннис турларының финалисті - Зарина Диас.
8. Қазақстанда бедеуге (бесплодие) шалдыққандар саны жылдан жылға өсіп келеді екен. Қазір проценттік көрсеткіш – 15% - ды құрайды. Бұл өкінішті жәйт. Сондықтан балдың ұйымдастырушылары 20 отбасына тегін квота бермек. Квота ЭКО мен (экстра корпоральное оплодотворение) пайдалануға мүмкіндік береді. 20 квотаның құны - 775 000 теңгені құрайды.
Бедеу ауыруы 20 жас шамаларында пайда болады екен. Бұл кезде ауруды емдеу оңайырақ, ал 25 жастан кейін қиынырақ болады. Сол себепті «Eventika» аурудың алдын алу шараларын жүргізбек. Студенттерге арнлаған бұл форумды Перинатология, Гинекология және Акушерлік Ғылыми Орталық жүргізеді. Форумда аурудың алдын алу жолдары туралы айтылады.
22 ақпан күні қыздарға, 23 ақпанда жігіттерге арналған форумды аталмыш компания ұйымдастырып отыр. Адресі : Абай даңғылы 4. ҚМБЭИ, New building. Басталуы – 15:00.
Егер квота алғыларыңыз келсе, eventica.kz сайтындағы анкетаны толтыруыңыз қажет. Толық мәлімет осы сілтемеде де бар. 1 ақпаннан 25 ақпанға дейін тіркеуден өтіп үлгеріңіз! Егер осындай дертке шалдыққан таныстарыңыз, не туыстарыңыз болса, міндетті түрде осы ақпаратты беріңіз. Себебі, сіз бір отбасына көмектесуіңіз мүмкін!
Айтпақшы, биыл бал 14 сәуір күні “Жайлау” гольф курортында өтеді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, “Жайлаудың” территориясына 200 мың м²-лік шатырлар орнатылады. Бұл Қазақстандағы ең үлкен шатыр болмақ!
Міне, менің естіп, есіме сақтап, ең қажетті – ау деп жазып алған информациям осы! Арнайы массагет және оның оқырмандары үшін! :))) Егер «бұдан да көбірек білгім келеді» десеңіздер, eventica.kz сайтының есігі ашық екен!