Жасөспірімдердің жан-жақты, дарынды болуымен қатар, көшбасшылық қабілеттерін арттыруға интеллектуалды ойын сайыстары ең қызықты танымдық әдіс деп санасақ болады. Шаршы топтың алдында сөз бастау, дұрыс сөйлеу дағдысын қалыптастыру, логикалық ойлаудың шыңына жету XXI - ғасыр көшбасшысы атану үшін басты критерийлер болып табылатыны анық. Сондықтан да, көш басын қолына алатын адам ұтқыр, әрі аса білгірлігімен ойға жүйрік, сөзге шешен болғаны абзал.
Осы тақырып барысында, Еңбекшіқазақ ауданында Бәйдібек би ауылының Н.Островский атындағы орта мектеп оқушылары арасында «XXI ғасыр көшбасшысы» интеллектуалдық сайысы өткізілген болатын. Интеллектуалдық сайыс“Барыс” бірлестігінің он күндігі қарсаңында тарих пәнінің педагогі Н. Қ. Шанбаевтың жетекшілігімен ағымдағы желтоқсан айының 15-інші күніұйымдастырылды. Сайыста мектебіміздің 11 сынып оқушылары өз деңгейлерін көрсетті. Бұл ойын тапсырмалары оқушылардың өз бетінше логикалық іздену әрекеттеріне бағытталған кезеңдерден құралды. Осындай кезең тапсырмаларын орындау барысында өз пікірін ортаға салып дәлелдеуге, қиын жағдайда тығырықтан шыға білуге, жеке шешім қабылдауға дағдыландырды десек артық болмас.Оқушылардың сөз саптауы мен лидерлік қасиеттерін бағалап, сыны мен мін түзеген төрешілер өз төреліктерін көрсетіп, сайыскерлерге тиесілі орындарын берген болатын.
Тақырыптың түйініне көшсек, Дайан Файнштейносылай деген екен: «Көшбасшылықтың 90 пайызы - адамдар қалайтын нәрсені жеткізе білу». Көшбасшылық – адамзаттың үлкен жауапкершілігі, өз-өзін белгілі бір мәнерде ұстауы. Көштің басын алып жүру кез келгеннің қолынан келетін іс еместігін ұмытпаған жөн. XXI ғасыр жаңа заман көшбасшысына айналу әр азамат үшін биік белес, асқақ шыңға тең.