XXI ғасыр әлегі...

Қазір XXI ғасыр , техника мен технологияның дамыған уақыты. Адамдардың барлығы әлеуметтік желіге жіпсіз байланып, өрмекшінің торына шырмалғандай ғаламторға шырмалып бас ала алмай отырған кезең болып отыр.Барлығы дерлік, кішкентай ғана құрылғының ішінде отырғандай бейне бір күй кешуде. Айналасында болып жатқан дүниелерге бейтарап қарауда. Яғни, қазіргі уақытта адамдарға бір-бірімен бетпе-бет отырып ашық әңгімелер айтқаннан гөрі, ұялы телефон арқылы бір-біріне хабарлама жазған оңайырақ көрінетін сияқты.Енді ғана өсіп келе жатқан сәбилердің өзі үлкендерден көргенін істейді. Бұрынғының баласы балалық шақтың дәмін сезіп,түрлі ойындар ойнап,сыңғырлаған күлкілерімен ата-анасын қуантып сыртта ойнаса, қазіргінің баласы тапжылмай бір бөлмеде байланып отырып алып, телефонды ойыншыққа айналдырғандай. Оған да ата-аналар қалай бейтарап қарауда,білмедік! Әрине,дамыған заманда бұл дүниелерден ешкімнің де қалыс қалғысы келмейді, балаларым көрсін-білсін дейді әке-шешелері, бірақ, сол балаларының телефонды пайдасына асырып жатқанына кім кепіл?!.Бұл жерде айтқалы тұрған бір жәйт ол, ғаламтордың зиянды жақтары. Мысалы:жастарды жаман жаққа бұратын, өз өмірлеріне зиян келтіретін, жаман құйтырқы іс-әрекеттер арқылы өлімге апаратын, заңды тұрғыда дұрыс емес әрекеттерге жеткізетін сайттар жетіп жатыр. Оны сіз де, біз де білеміз.Ғаламтордың пайдалы жақтары жоқ деп айтуға да болмайды. Себебі,пайдасын да көріп отырмыз,оны ауыз толтырып айтуға болады.Дәлірек айтсақ, осы жылдам жүйе арқылы біз лезде өзімізге керек ақпараттарды тауып ала қоямыз,алыс-шалғайда жүрген жақындарымыздың,достарымыздың суреттерін көріп бір марқаямыз, тіпті ғаламтор қарыштап дамыған заманда бұрынғыдай кітапхана есігін тоздырғаннан гөрі онлайн кітап оқитын азаматтарымыз көбеюде. Бұл да дұрыс шығар,әрине.Cонымен,сөздің қысқасы қанша зиян жақтары бар деп шырылдасақ та,түзеу мүмкін болмай отыр.Сол себептен бұны әркімнің сана-сезімі өзі шешер деген ойдамын. Адам болып туу - анадан,айуан болып кету өзіңнен демекші ерік-жігерімізді ұмытып санасыз сайттардың жетегінді кетпей,әлеуметтік желілердің пайдалы тұстарын ғана өзіміздің пайдамызға асырайық.



Бөлісу: