Алматыда World Class Almaty клубында бокстан чемпионат өтті. Бұл чемпионатқа бұрын-соңды бокспен айналыспаған, кәсіби емес спортшылар қатысты. Ерлер, әйелдер, балалар арасындағы чемпионатта Ермахан Ибраимов, Назым Қызайбай, Иса Акбербаев, Рустам Ргебаев, Мақсат Бақтыбазаров секілді ел мақтаныштары төрелік етті. Чемпионатқа қатысқан 50 спортшы бокспен кәсіби түрде айналыспаса да өте жақсы ойын көрсетті. Ерлер арасындағы жарыста 49 жастағы Бауыржан Ахметов 1 орынға ие болды. Әйелдер арасында өз салмақ категориясында Дана Калыбаева мен Дамеля Айтхожина мықты болды. 25 пен 40 кг салмақ категориясында балалар арасындағы жарыста Бекнұр Берікқали, Темірлан Дускужанов, Саян Мамутов, Аппаз Нұрмұхаммед жеңіске жетті.