¡Visca Barça!
блог
"Барселона" жай ғана клуб емес. "Барселона" - Més que un club! Оның не екенін білгіңіз келсе мында барыңыз>>>
Бүгінгі "Барса" туралы сөз қозғау, интернет эксплорер атанумен тең. Сондықтан, "блаугрананың" болашақ маржандары туралы айтқым келеді. (Менің Барселонаның жанкүйері екенім анық әрі оның академиясындағы спортшыларды Қазақстан ұлттық құрамасында ойнайдындарға қарағанда жақсы танимын). Сонымен кеттік.
Өкінішке қарай, "Ла Масиядан" Виктор Вальдестің орнын басатын қақпашы шығатын емес. Әзірге Ойер де, Харди Масип те деңгейі төмен. (Төмен болғанда дәл қазір оларды Қазақстанға алып келсе, Лория мен Сиделниковтан жақсы тұрады. Бұл жерде "Барсаның" деңгейімен өлшеніп отыр. Соны еске ұстайық)
Қорғаушылардың арасынан үш футболшының мүмкіншілігі өте жоғары. Олар - Муньеса, Бартра, Монтойя. Биыл бұл үшеуі де негізгі құрамның ойыншысы болып бекітілді. Алғашқысы биылғы маусымның басында жарақат алып қалды. Марк Муньеса ойын мәнерімен Мальдиниге өте ұқсас. Әрі Пуйольдің бойындағы лидерлік секілді кейбір қасиеттер бойына дарыған. Каталонияда Муньесаны құдайдың жіберген сыйлығы деп есептейтіндер де бар. Өкініштісі, Марктың жарақат алуы тез. Физикалық тұрғыдан күшейетін болса, кэптің орнын басатын "көкбесті" дайын. Айтпақшы, Муньеса қорғаныстың орталығында және сол қанатында ойнай алады.
Болашағынан үміт күттіретін қорғаушылардың тағы бірі - Марк Бартра. Биыл Бартра бірнеше жауапты ойындарда алаңға шығып үлгерді. Муньесаның жарақат алуы оған үлкен мүмкіншілік жасағанын мойындау керек. Енді, Бартра бұны пайдалана ма, әлде не істейді тек оның өзіне ғана байланысты. Бартра ойын мәнері бойынша да, сыртқы пошымы да Пикеден айнымайды. Шакираның жігітінен бір айырмашлығы Марк Бартра жылдам қимылдайды. Менің ойымша биыл Бартра біраз ойындарда алаңға шығуы тиіс. Деңгейі анағұрлым төмен клубтармен ойнағанда Тито оған мүмкіндік береді деп ойлаймын.
Монтойя туралы айтудың да қажеті жоқ. Егер ол Реал мен Барсадан басқа испандық клубтың сапында болғанда, әлдеқашан негізгі 11-лікті арасында болар еді. Алайда, "Барселонада" қорғаныстың сол қанатында №1 Дани Алвес бар. Оған әмбебап Адриануды қосыңыз. Бір-екі жылдың көлемінде "Барсаның" сол қанатындағы ең қауіпті ойыншының бірі дәл осы Монтойя болмақ. (Айтпақшы, ол талай рет маңызды кезедсулерде алаңға шыққан. Реалмен өткен ойында сәл сәттілік жетіспеді. Әйтпесе, оның тепкен добы қақпаның тоғыздығына дәл тиіп, кейін серпіліп еді.)
Академиядан тәлім алып жүргендердің ішінде де дарынды жастар жетерлік. Солардың бірегейі Алекс Гримальдо. Ол 1995 жылы туылған, жасы әлі 17-де. Соған қарамастан 19 жасқа дейінгі УЕФА чемпионатына қатысып үлгерді. Әрі сегундада(Испанияның екінші лигасы) доп депкен ең жас ойыншы атанған. (Сол кезде Гримальдоға 15 жыл 349 күн толған еді).
Жоғарыдағылардан бөлек Серхи Гомес, Карлес Планас, Ийе Санчес секілді дарындар жетерлік. Енді орталық алаң мен шабуылдағы болашақ "маржандарды" күтіңіз.