ВК
Жүрек бір болғаннан ба?
Өзіңмен егіздеймін.
Ғаламтор қолданғанда,
ВК-дан сені іздеймін.
Жарамас үздім деуге,
Үмітті сан арманға.
Жанымыз біздің бірге,
Туғанда жаралған ба?
Мен сені ұмытпадым,
Суретің парақшамда.
Сені ойлап құрып хәлім,
Отырам таң атқанша.
03.04.14.
Олжас Болатбекұлы