UIB-дегі халықаралық бағдарламалар

Университет 22 жыл ішінде еліміздегі білім ордалардың арасында  жоғары дәрежеге ие болып үлгерді. Жыл сайын көптеген студенттердің назары UIB университетіне түсетіні де жасырын емес. Олардың UIB-ге қызығушылығының басты себептерінің бірі – университеттің халықаралық білім ордаларымен тығыз байланыста болуы. Бұл мүмкіндіктер дүние жүзіндегі беделі жоғары университтеттердің жасаған заманауи оқу жүйесі арқылы білім алуға жағдай жасайды.

Көп жылдардан бері UIB Болония университеті (Италия), Дж. Вашингтон  және Дж.Мейсон Университеттері (АҚШ), Козминский мен Н.Коперник Университеттері (Польша), Вусонг Университеті (Оңтүстік  Корея), Шығыс-Қытай саясаттану және заң университеті (ҚХР) сияқты жоғары оқу орындарымен әріптес болып келеді. Оқу тәжірибесі ретінде бір семестрге немесе бір жылға шетел мұғалімдерінің арнайы дәрістері өтеді. Әсіресе AMEDEUS бағдарламасы бойынша өткен техника ғылымдарының докторы, профессор  Виктор Гопеенконың (Латвия, Рига) оқу тренингтері қызықты өтті. Мұндай курстар студенттердің маркетолог немесе менеджер болып қалыптасуына зор көмегін тигізеді.  

UIB қос  диплом бағдарламасымен  оқытатын  Қазақстандағы алғашқы  ЖОО бірі. Бұл бағдарламалар студенттердің теориялық білімдерін жетілдіре отырып, тәжірибелерін де шыңдайды. Сонымен қатар  UIB  Шығыс-Қытай саясаттану және заң университеті (Қытай, Шанхай қаласы), Я.А. Коменский атындағы университеті  (Чехия, Прага қаласы), менеджменттік ақпараттық жүйе университеті (Латвия, Рига.қ)  мен т.б жоғары оқу орындарымен   қосылып, бірнеше бакалавр түлектерін оқытты.

Осындай бағдарламар  арқылы  біздің студенттер өзге елдің мәдениеті мен әдет-ғұрыптарын үйрене отыра, Қазақстанның потенциалын шет мемлекеттерге тек жағымды жағынан көрсетері анық.



Бөлісу: