Кезексөздің де кезегі маған келіп жетті...
Бұл кезексөзді биыл ҰБТ тапсыратын "үйректер мен қаздарға" басын қасып отырып, "Айтуға оңайды" көруге уақыты болмаған "тест жаттағандарға" үйінде отырып Megaline арқылы, біреулерде ALTEL 4G, біреулерде Beeline мен Tele2 ғой, KCell көнекті қолданамын деп күлкімді "ыңқ" етпеңізші, оқып, пікір қалдыруға рұқсат беріледі. Сонымен қатар басқалары да оқыса болады. Тек асығыс, тез-тез, жартысына дейін оқуға болмайды. ДумГүл айтпақшы: "Иә-қууу-уу!"
ЕСКЕРТУ: Бұл жазбаны "осы керемет әнді" тыңдап отырып, оқуға кеңес беріп, бұйырамын!
Осындағы әрбір адамның балалық шағы бар, ішінде тәтті жазы бар. Мен де оқушы кезімде нағашымның ауылына жыл сайын жазда баратынмын. Рахат! Есік алдындағы бақшада кішкентай-кішкентай домалақ-домалақ сап-сары әңгелектер пісіп жатады. Қызанағы бар, қияры бар турамай тұзға батырып-батырып жейтін сиыр тезегі жағылған отқа піскен таба нанмен қосып...
Сонымен... Жаз. 1996 жыл. ("Түдү-дүдү-дүм-дүдүдү-дүмдүм..."/"Бригаданың" полифониялық әуені
5 жасқа толмаған кезім екен. Ауылдамын. Балалармен ойнап жүрмін. Әжемнің үйінде балалар неге тым көбейіп кетті? Ә? Ау? Иә, той ғой! Той болғалы жатыр екен. Мендегі "шш-ш-шегол" түсінік оның қандай той екенін қайдан білсін. Әйтеуір, "па(тс)ан" балақай боп дігідік-дігідік шауып, басқа "шш-ш-шеголдармен" ойнап жүрдім. Бір ЗИЛ секілді көлік келді қора жаққа. Сарғыш түсті көлік-ау деймін. Есігі жабық. Соның жанында маймылдар секілді шопырдың аяғы көліктен түсер кезде басатын жеріне біресе мініп, біресе түсіп ойнадық. Сол картина әлі есімде... Міне, көз алдымнан кадрлары өтіп жатыр wmv форматында-нақ.
Жаз. 1999 жыл. Қой, көзге жас алып, жыламаңдар. Білем, ескі жылдарды жаза қойып едім, "нәстәлгия" боп қалдыңдар ғой. Оу, сол жылдың жазында не болғанын жазайын да... Бірінші сыныпты бітіргем ойнап жүріп. Жазға да жете бердім. Есік алдында тым жақсы ойнап жүр едім... Жоға, сүндет емес. Сүндетке екі рет отыратын мені не... Ә? Тамағым ауырып қалды ма, әйтеуір, тамағымдағы безім ісіп кетіпті. Дәрігер тексеріп, Қызылордаға жіберді. Тубдиспансер. Өзім Байқоңырдың баласымын, 250 км жердегі Қызылордада "туб-тардың" бәлінсасында екі жарым айдай жаттым. Бұл бәлінсаның өзі Қызылорданың шетінде. Алғаш барған кезде шешеміз екеуміз бір-бірімізді қимай жылағанбыз. Алғашқы ажырау сәті. Жеті жастағы мен үйдің жалғыз баласымын. (Дәл осы жерде үнді киносының музыкасы қажет сияқты
Бір-екі аптадан соң бәлінсаға үйреніп кеттім. Әкесінің кім екенін білмеймін, Еркебұлан деген томпақ бала сегіз жеріне ота жасатқан екен. Үсті-басы зелөңкі-зелөңкі. Менен бұрын шығып кетті ғой иттің баласы. Мұрнын қанатып қойғам әдейі төбелесіп жүріп. Қызылордада тұрады екен сс-сыболыш. Не керек, осы бәлінсада "басылып" қалдым. Осы жерден-ақ түңіліп шықтым. Үлкен кісілердің палатасында жаттым. Бәлінсаның жанында екі қабатты ма, әйтеуір, кілең балалар жатқан бәлінсе болған. Иттің сүйегін жалағыр, неге сол жерге жатқызбады екен-ай, ә?! Өзім де білмеймін-нақ! "Звезда по имени Солнце" әнін де осында тыңдағам алғаш рет. "Майынтафоннан" (магнитофон) емес, әлбетте. Бір жігіт гитарамен шырқаған бәлінсаның алдында. Бәлінсаның сыртында шемішке сататын ата мен апа болған. Көбінесе, ата отыратын. Запарожы бар астында. Қызыл.
Жаз. 2005 жыл. Бәйгеқұм ауылы. Бөлемнің үйінде бөлк-бөлк етіп отырғам. Өмірбақыт нағашым да бар. Қандай әңгіме айтқанымызды білмеймін, әйтеуір, отырдық қой диванда. Бір кезде үй жаққа көлік келді. Мен танымайтын бір аға мен тәте келді. Бізде, Байқоңырда, тәте деп "тётяларды" айтады. Еркектерді "аға-көке" деп атайды. Қасында Сұңқар деген баласы бар. Менен екі жас үлкен-нақ.
Сөйтіп, Сұңқарға тілмаш болдым. Алмасбектердің қазақшасын орысшаға аударып, екі арадағы әңгімені реттеп отырдым. Андасбектің үйіне жеттік. Бір қыз белсебет теуіп/айдап жүр. Өзі бір "рыжая". Ұнатып қалдым...
Мен ұялып отырдым, шыны керек. Палаудың етін де дұрыс шайнап, жұта алмадым. Андасбектің Ботагөз деген қарындасы бар. Менің құрдасым. Содан да ұялып отырғаным несі, әй? Сөйтсем, өзім бір қыздардан ұяла беретін "ұялшақ" адам екенмін. Бөтен қой жоқ па дегендей, бөтен қыздардың қасында емін-еркін отыра алмайды екенмін. Бірақ әңгімелесетін болсам, бойымды үйретіп алсам, онда айтарлықтай ұяла қоймаймын. Бауыр басып қалатын шығармын.
Ертеңіне азанда Сұңқар келді. Андасбек те келді ғой деймін. Сөйтіп, анам әже екеуі қайта берді үйге. Мен бөлемнің үйінде қалдым. Кешке жақын үлкендер Сұлутөбеге кетті ғой көлікпен. Шш-ш-шеголдар тез-тез "Сұлтөбе" дейді ғой-нақ.
Гүлнәр тәтелердің жол жүретін күні бардым сол үйге. Үлкендер то-о-лып жүр. Төбелесіп ойнау қайда! Жәй ғана әңгімелесіп отырдық. Мендегі "патсан" жүректің дәбілениесі бір басылар емес. Суретке түстік қайтатын кезінде. Көңіл күйім де түсіп кеткен еді. Іштей жылаған сияқты болдым. Кәнешні қимайсың!
Жаз. 2004 жыл. Жоқ, бәлкім... 2005 жыл болар. Болмаса 2006 жыл. "Миды тақтай қылма, әқәқу-сәқәқу!"
Жалғасы жоқ! Кезексөзді қалаған кісі жалғастырып жаза беруіне болады. Сәттілік!