Summer In My Memories...

Summer In My Memories...
жеке
блог

Кезексөздің де кезегі маған келіп жетті...

Бұл кезексөзді биыл ҰБТ тапсыратын "үйректер мен қаздарға" басын қасып отырып, "Айтуға оңайды" көруге уақыты болмаған "тест жаттағандарға" үйінде отырып Megaline арқылы, біреулерде ALTEL 4G, біреулерде Beeline мен Tele2 ғой, KCell көнекті қолданамын деп күлкімді "ыңқ" етпеңізші, оқып, пікір қалдыруға рұқсат беріледі. Сонымен қатар басқалары да оқыса болады. Тек асығыс, тез-тез, жартысына дейін оқуға болмайды. ДумГүл айтпақшы: "Иә-қууу-уу!"

ЕСКЕРТУ: Бұл жазбаны "осы керемет әнді" тыңдап отырып, оқуға кеңес беріп, бұйырамын!

Осындағы әрбір адамның балалық шағы бар, ішінде тәтті жазы бар. Мен де оқушы кезімде нағашымның ауылына жыл сайын жазда баратынмын. Рахат! Есік алдындағы бақшада кішкентай-кішкентай домалақ-домалақ сап-сары әңгелектер пісіп жатады. Қызанағы бар, қияры бар турамай тұзға батырып-батырып жейтін сиыр тезегі жағылған отқа піскен таба нанмен қосып...Cool Одан қалды тамызда пісетін жүгері мен жидегі бар. Асқабақты да жеген едім. Нағашымның ауылы - Бәйгеқұм стансасы. Соның ішінде балалар тез-тез айтатын "Қамсауыт" Оқшы ата көшесі. Кезінде қамыс шығаратын зауыты болған екен. Содан "Қамысзауыт" деп атап кетсе керек. Жалғыз мектебі бар Жаңастройка жақта. Бәлінсасы да сонда. Әдемі-әдемі қыздар переездің жанында тұрады десең, ә!Cry

Сонымен... Жаз. 1996 жыл. ("Түдү-дүдү-дүм-дүдүдү-дүмдүм..."/"Бригаданың" полифониялық әуеніEmbarassed)

Бәйгеқұм трассасы

5 жасқа толмаған кезім екен. Ауылдамын. Балалармен ойнап жүрмін. Әжемнің үйінде балалар неге тым көбейіп кетті? Ә? Ау? Иә, той ғой! Той болғалы жатыр екен. Мендегі "шш-ш-шегол" түсінік оның қандай той екенін қайдан білсін. Әйтеуір, "па(тс)ан" балақай боп дігідік-дігідік шауып, басқа "шш-ш-шеголдармен" ойнап жүрдім. Бір ЗИЛ секілді көлік келді қора жаққа. Сарғыш түсті көлік-ау деймін. Есігі жабық. Соның жанында маймылдар секілді шопырдың аяғы көліктен түсер кезде басатын жеріне біресе мініп, біресе түсіп ойнадық. Сол картина әлі есімде... Міне, көз алдымнан кадрлары өтіп жатыр wmv форматында-нақ.Money mouth Сөйтсем, сол көлікті айдап келген кісіні менің тағдырым айдап әкеліпті. Хирург көке екен. Қайдан білейін... Тым жақсы ойнап, шауып жүрген бала едім. Сөйтіп, ол кісі мені пышақ-қайшысымен жазықсыздан-жазықсыз... сүндетке отырғызды. Қандай дауыспен бақырып-ақырғанымды білмеймін, әйтеуір, ұйықтап кетіппін. Оянып едім... Міне, сол оянған соң не болғаны есімде қалмапты. Бәсе, шипәнердегі нәкілейкілер қайдан пайда болған екен?! Мен сағыз шайнағам ғой. Соның ішінен шыққанның бәрін әйдік шипәнерге жабыстыра беріппін. Сағыздары қайда кеткенін білмеймін. Әйтеуір, ақшаға сатып алынған сағыздар ғой. "Love is..." пе екен? Білмедім. Есімде қалғаны, қолыма "біраа-аз" ақша ұстадым. Ол кезде маған математика сабағы болмайтын. Тіпті, математиканың не екенін, ондай сөздің бар екенін де білмейтін кезім болса керек. Сол жылдың жазынан есімде қалғаны осы сүндетке отырғаным болды. Одан кейінгі отырғаным - парта ғой.Smile

Сүндеттеу

Жаз. 1999 жыл. Қой, көзге жас алып, жыламаңдар. Білем, ескі жылдарды жаза қойып едім, "нәстәлгия" боп қалдыңдар ғой. Оу, сол жылдың жазында не болғанын жазайын да... Бірінші сыныпты бітіргем ойнап жүріп. Жазға да жете бердім. Есік алдында тым жақсы ойнап жүр едім... Жоға, сүндет емес. Сүндетке екі рет отыратын мені не... Ә? Тамағым ауырып қалды ма, әйтеуір, тамағымдағы безім ісіп кетіпті. Дәрігер тексеріп, Қызылордаға жіберді. Тубдиспансер. Өзім Байқоңырдың баласымын, 250 км жердегі Қызылордада "туб-тардың" бәлінсасында екі жарым айдай жаттым. Бұл бәлінсаның өзі Қызылорданың шетінде. Алғаш барған кезде шешеміз екеуміз бір-бірімізді қимай жылағанбыз. Алғашқы ажырау сәті. Жеті жастағы мен үйдің жалғыз баласымын. (Дәл осы жерде үнді киносының музыкасы қажет сияқтыInnocent) Әке-шешем өте сирек келетін. Тіпті, үйдегі желдеткішті (кәндисиәнер) сатып, соның ақшасына да мені көруге келген еді. Сондағы жанымда болатыны бір-екі сағат қана. Өздері үйде ыстыққа да шыдапты.

Бір-екі аптадан соң бәлінсаға үйреніп кеттім. Әкесінің кім екенін білмеймін, Еркебұлан деген томпақ бала сегіз жеріне ота жасатқан екен. Үсті-басы зелөңкі-зелөңкі. Менен бұрын шығып кетті ғой иттің баласы. Мұрнын қанатып қойғам әдейі төбелесіп жүріп. Қызылордада тұрады екен сс-сыболыш. Не керек, осы бәлінсада "басылып" қалдым. Осы жерден-ақ түңіліп шықтым. Үлкен кісілердің палатасында жаттым. Бәлінсаның жанында екі қабатты ма, әйтеуір, кілең балалар жатқан бәлінсе болған. Иттің сүйегін жалағыр, неге сол жерге жатқызбады екен-ай, ә?! Өзім де білмеймін-нақ! "Звезда по имени Солнце" әнін де осында тыңдағам алғаш рет. "Майынтафоннан" (магнитофон) емес, әлбетте. Бір жігіт гитарамен шырқаған бәлінсаның алдында. Бәлінсаның сыртында шемішке сататын ата мен апа болған. Көбінесе, ата отыратын. Запарожы бар астында. Қызыл. Cry Кішкене 20-30 метр жерде мәршірөткілер тұратын. Соңғы аялдама ғой. Кейде соның ішіне кіріп, шопырларға әңгіме айтып отыратынмын. Өзімнің өмірбаянымды айтып, өмірде көрген қиыншылықтарымды... десең, әһ!Laughing Одан шыққан соң біраз жылға дейін бәлінса көрмедім. Тек-нақ жыл сайын реңгеңге түсе бердім. Учөтте тұрмын ғой-шш! Әйтеуір, кейін учөттен де шықтым ғой денім сау болып шығып...

Запарож Гәзел

Жаз. 2005 жыл. Бәйгеқұм ауылы. Бөлемнің үйінде бөлк-бөлк етіп отырғам. Өмірбақыт нағашым да бар. Қандай әңгіме айтқанымызды білмеймін, әйтеуір, отырдық қой диванда. Бір кезде үй жаққа көлік келді. Мен танымайтын бір аға мен тәте келді. Бізде, Байқоңырда, тәте деп "тётяларды" айтады. Еркектерді "аға-көке" деп атайды. Қасында Сұңқар деген баласы бар. Менен екі жас үлкен-нақ.Cool Орысша сөйлейді. Павлодардың "казахиі" ғой. Шідерті деген түрмесі бар жерде тұрады екен. Қазір сонда бөлем Жако аға тұрады. Түрмеде жұмыс істейді. Бала-шағасы бар. Екі бұзығы бар. Сөйтіп, шәй ішіп болған соң, Сұңқарды Андастың үйіне апаруым керек болды. Дәлхан ағаның үйі Жаңастройкада ғой. Сұңқардың нағашылары болады. Сұңқарлар Бәйгеқұмға бірінші рет келіп отыр. Анасы осы Бәйгеқұмда туылған. Әкесі X-Man!Cry Құбыжық емес. Шымкенттен ғой. "Чимкент" деп айтатындардың бәрі "трөлші-сс-нақ".Tongue out

Сөйтіп, Сұңқарға тілмаш болдым. Алмасбектердің қазақшасын орысшаға аударып, екі арадағы әңгімені реттеп отырдым. Андасбектің үйіне жеттік. Бір қыз белсебет теуіп/айдап жүр. Өзі бір "рыжая". Ұнатып қалдым...Surprised Сөйтсем, Сұңқардың менен бір жас үлкен қарындасы Жұлдыз екен. Кішкентайынан Бота дейді екен бәрі. Өзім ұялшақ оқушымын. Ботаға қарай алмайсың, ұяласың. Каникул болғасын махаббатқа орын бердім ғой жүрегімде. Сезім ғой-ық-ық...Surprised Ондаа-ай қатты махаббат емес! "Патсан" сезім ғой. Үйге кіріп, палау жедік. Это же Қызылорда, baby!Smile What is your name, уәпше?!Cry

Қызылорда Палау

Мен ұялып отырдым, шыны керек. Палаудың етін де дұрыс шайнап, жұта алмадым. Андасбектің Ботагөз деген қарындасы бар. Менің құрдасым. Содан да ұялып отырғаным несі, әй? Сөйтсем, өзім бір қыздардан ұяла беретін "ұялшақ" адам екенмін. Бөтен қой жоқ па дегендей, бөтен қыздардың қасында емін-еркін отыра алмайды екенмін. Бірақ әңгімелесетін болсам, бойымды үйретіп алсам, онда айтарлықтай ұяла қоймаймын. Бауыр басып қалатын шығармын.Frown Сөйтіп, қараңғы түскенде үйінде отырып, Sega ойнай бастадық. Әлбетте, мен бастаған жоқпын. Мен ұялып қарап отырдым. "Әй, Медет, танысып қой..." десе де, Ботамен таныспадым. Үндемей Mortal Combat ойынын тамашалап отырдым. Павлодардың да қызы біртүр-рр-рлі ыңғайсызданып қалған шығар "чё за вещь?" деп. Содан бөлемнің үйіне қайтар кезде кішкене ойнадым төбелесіп. Дәлхан ағамен қайттым қараңғыда. Үйге жеткен соң, ойланып жатқансың ғой... Ойға батып... Жүзе білсең жақсы. "Қап, неге қолымды соза салмадым екен?" деп кішкене де болса өкінгенсің ғой боқмұрын бола тұрып.Cry Ұйықтай алмадым дей алмаймын, бірден ұйықтап қалдым.

Ертеңіне азанда Сұңқар келді. Андасбек те келді ғой деймін. Сөйтіп, анам әже екеуі қайта берді үйге. Мен бөлемнің үйінде қалдым. Кешке жақын үлкендер Сұлутөбеге кетті ғой көлікпен. Шш-ш-шеголдар тез-тез "Сұлтөбе" дейді ғой-нақ.Foot in mouth Сол кезде Андасбек пен Сұңқар, екі Бота - төртеуі төбелесіп ойнады. Біз Асхат екеуміз "Хабардан" балерина ма, балет па көріп отырдық. Төртеуі әбден жүгірді, әбден секірді. Сөйтіп, сәкіге масахана құрды, төсек салды шш-ш-шегілиқалар. Соның ішінде жатыр едім, екі қыз маған тиісті. Мені жеңем деп ойлаған болса керек. Бірақ күресіп, екеуін де лақтырып тастадым. Ертеңіне Ботаға деген ұялшақтығым сәл басылғандай болды. Нағашымның үйіне қайттым.Cry

Гүлнәр тәтелердің жол жүретін күні бардым сол үйге. Үлкендер то-о-лып жүр. Төбелесіп ойнау қайда! Жәй ғана әңгімелесіп отырдық. Мендегі "патсан" жүректің дәбілениесі бір басылар емес. Суретке түстік қайтатын кезінде. Көңіл күйім де түсіп кеткен еді. Іштей жылаған сияқты болдым. Кәнешні қимайсың!Innocent Сол кезде жүрегім біртүрлі күйді екінші рет кешкен еді. Ал бірінші рет кешкені... Әлі жазбадым ғой деймін. Пажалыста!Smile

Жаз. 2004 жыл. Жоқ, бәлкім... 2005 жыл болар. Болмаса 2006 жыл. "Миды тақтай қылма, әқәқу-сәқәқу!"Cry Нақты жылы есімде қалмапты-нақ. Бірақ жазуға жарайтын себебі - жаз болатын. Жаз болса, жазайын ендеше! Өзімнен бір жас үлкен Жұлдызды/Ботаны ұнатсам не бопты? Жұлдыз да Қайраттан бір жас үлкен, "если чё". Бұл жазда "басқасы" болды.Cool Орыс мектебінде оқимын деп өтірік мақтанатын Қосқұлақова болды.Cry

Жалғасы жоқ! Кезексөзді қалаған кісі жалғастырып жаза беруіне болады. Сәттілік!