SportList бейнеблогын тамашалаңыздар!

SportList бейнеблогын тамашалаңыздар!
жеке
блог

Қазақстанның спорт тарихында ерекше орын алатын спортшылар мен дәрігерлер бейнеблог арқылы әлеуметке денсаулықты күту жайында кеңес беретін болады.

«Алматы марафоны» Санофи Қазақстан компаниясының қолдауымен спорт әуесқойларының денсаулығына қатысты ақпарат беруге дайын. Адам баласының бойына магнийдің және өзге макроэлементтердің әсері туралы білгіңіз келсе, алдағы күндері SportList бейнеблогы шығарылымын тамашалаңыздар.

Әйгілі спортшылар Елена Хрусталева, Марат Жыланбаев, Алексей Писаревский, Павел Артюшенкоденсаулықты қалай күту керектігін, қандай дәрумендерді қолдану керектігін, физикалық күшті қалай дұрыс пайдалану керектігін баяндайтын болады. 

Атлетиканың түрлі салалары бойынша шетелде мойындалған қазақстандық жұлдыздар өзінің тәжірибесі мен жетістіктері туралы әңгімелеп, жаттығуларға және үйлесімді тамақтануға қатысты тәжірибелік кеңестер береді.

Негізгі мақсаты – жеке және топтық спорттық жүктемелер жасау кезіндегі макроэлементтер балансының маңыздылығы мәселесіне қазақстандықтардың назарын аудару.

Жасуша метаболизмі кез келген жасушаның тіршілігінің негізі болып табылады. Ол негізгі элементтердің - Mg2+, Na+, K+, Ca2+ қатысуымен қамтамасыз етіледі. Осы төрт элемент адам ағзасында негізгі рөлді атқарады, және олардың кез келген ауытқуы үйлесімсіздікке әкеліп, барлық мүшелер мен жүйелердің қызметіне әсер етеді.

 

 Бейнеблогтың арнайы шығарылымына танымал кәсіби спортшылардың қатысуымен жасалған төрт жазба енеді.

 Бейнеблогтар тақырыбы және спикерлер:

29-маусымАлексей ПисаревскийШтангамен ауыр салмақтарды көтеру және сығымдап көтеруден халықаралық санаттағы спорт шебері, халықаралық чемпионаттардың жүлдегері – «Магний және бұлшық ет» тақырыбында сөз сөйлейді.

6-шілдеПавел Артюшенко – Триатлет, Ironman, триатлон бойынша түрлі халықаралық жарыстардың медаль иегері, триатлон бойынша жарыстарда ұзақ қашықтықтарға қатысушы ретінде таңдалған алғашқы қазақстандық спортшы-триатлоншы күйзеліс жағдайларында өз денеңді бақылауда ұстау тәжірибесі туралы әңгімелейді.

13-шілдеЕлена Хрусталева – биатлоншы, олимпиаданың күміс медаль иегері физикалық жүктемелер барысында остеопороздың алдын алу бойынша кеңестер береді.

20-шілдеМарат ЖыланбаевАзияның, Африканың, Австралияның және Американың ең ірі шөл далаларынан жалғыз жүгіріп өткен ғаламшардағы жалғыз адам. Марафоншы, халықаралық санаттағы спорт шебері ағзаға ұзақ уақыт бойы жүктеме түсірген кезде денсаулықты күту және жүрек үйлесімді жұмыс істеу үшін макроэлементтерді қабылдау саласындағы ноу-хаумен бөліседі.


Барлық бейнеблогтар SportList арнасында көрсетіледі. SportList - «Алматы марафонының» Youtube желісіндегі спорттық бейнеарнасы (http://bit.ly/2rIg9iw), ай сайын әуесқой спорттың ең көкейкесті жаңалықтарын таратады, жарыстар туралы сюжеттермен, споршылармен сұхбаттасулармен және өзге де көптеген пайдалы ақпаратпен бөліседі.