Samsung Electronics Kazakhstan and Central Asia Шымкентте, Момышұлы даңғылының бойында орналасқан 7 үйде, дәл орталықта брендшоп ашқалы жатыр. Осыған байланысты бір әдемі шара 9 тамыз күні 18.00-де өтеді. Келемін деушілерге есік ашық және оған негіз болатын себептерді айта кетейін.
Дүкенде компанияның GSM-телефондары мен плашеттерінің барлық түрі, аудио, видео- және фототехника, аксессуарлар бар. Барлық өнім сертификациядан өткен. Samsung-тың ең жаңа өнімдері басқа емес, дәл осы брендшопқа бірінші болып келеді.
Samsung жаңа дүкені қонақтарға техниканы сатып алмас бұрын сол жерде пайдаланып көруге мүмкіндік береді.
Дүкен бірнеше аймақтан тұрады:
— демонстрация залы. Кез келген адам кез келген тауар туралы толыққанды ақпарат алып, оның мүмкіндіктерімен танысады.
— негізгі аймақ. Тауарды тестілеп, сатып алуға болатын жер.
Бұған дейін Алматыда ашылған брендшоптың қызметін енді шымкенттік тұрғындар да пайдалана алатын болды. Смартфондар, планшеттер, теледидарлар, ноутбуктар, моноблоктар, фотоаппараттар және басқа дүниелерді тікелей өндірушінің қолынан алу сөзсіз тиімді.
Сонымен, Шымқала, жұма күні кешкі алтыда, Момышұлы 7-ге келіңіздер