Samsung компаниясының Қазақстандағы алғашқы ресми бренд-шопы ашылды

Samsung компаниясының Қазақстандағы алғашқы ресми бренд-шопы ашылды
жеке
блог

Samsung компаниясының Алматыда, Арбатта Орталық Азия мен Кавказдағы алғашқы бренд-шопы,фирмалық дүкені ашылды. Бағана басымды қатырып, сонда барғам. Не болар екен деп.


Келсем кәрістік компанияның отымен кіріп, күлімен шығып жүрген қызметкерлер келген клиентке, қонаққа күлімдей қарап, кішіпейілдік танытып, қалбаңдап жатыр екен. Қолымдағы Advance-ті тастай сала, ортаға бұзып-жарып кіріп,
Көлі бар Аққошқардың саумал атқан
Бір көлден қырық мың жылқы ішіп жатқан.
Байлығын Аққошқардың баян қылсам,
Бес жүз ат Орынборға бір күн сатқан, — деп жырласам ба дегем.

Қайта мұнымның «тақырып аясынан тыс жерде» болатынын сезіп үлгергенім қандай жақсы болған, тоқтай қалдым.


Салонда смартфондар, планшеттер, теледидарлар, ноутбуктар, моноблоктар, фотоаппараттар және оригиналды аксессуарлар сатылады.

330 шаршы метр, 2 қабатты алып жатқан дүкен бірнеше секторға бөлінген (осы жерде Садық Шерімбек CS-тағы дауыспен «Sector clear» деуі керек).

Бірінші қабат жалпы көрсетілім залы. Жалпы көресіз. Жалпы көрсетеді.


Екінші қабат бірнеше сектордан тұрады (Садық, «Sector clear»). Бағдарламаларды тегін орнатып береді, түсінбеген жерлеріңізді түсіндіреді.

Сосын S-kids-пен жабдықталған балалар бөлмесі бар екен. Айдарлы ұлыңызды, тұлымшақты қызыңызды сол жерге тастап, дүкеніңізді аралай беріңіз.


Ойын-пойын, интерактивті залын да көз шалды.

0-ші қабатта, жертөледе сервис-орталық орналасқан.


Мені қуантқан осы болды, себебі әлі күнге толыққанды қызмет көрсету деңгейін бағалай алмай немесе төмен баға беріп келген болатынмын. Енді, нақты бір жерге келіп, көздеріне шұқып көрсетіп, жасатып алуыңа болады.

Samsung Electronics Kazakhstan and Central Asia президенті Сын Сик Чой бренд-шоптың Азиядағы ең ірі, ал әлемдегі 30 үздік Samsung дүкендерінің қатарына кіретінін айтты.


Мына жасыл жерге басты апарып соғу керек. Нақтысы, нақтың, баспалдақпен түсіп келе жатқанда, басыңды ұрсаң, жарып алмас үшін істеп қойған.

Клиенттерге экспресс-сервис қызметі де ұсынылады: гаджетіңіздің бағдарламалық қамтамасыздандыруын жаңартуға, девайстарыңызды зарядтап алуға, тіпті вирустар мен бактериялардан дезинфекциялап алуыңызға да болады.

Осылай.

Күні бойы твит-репортаж жүргізіп, facebook-татып, instagram-датып, қандарыңызды ішкен qisyq.


Суреттерді түсірген Сергей Алексеёнок.