«Samsung Forum 2012» шарасы
блог
Кеше Прагада көптен күткен «Samsung Forum 2012» шарасы басталды. Форумды салтанатты түрде Samsung компаниясының басшысы Джейсон Ким ашты. Өз алғы сөзінде Джейсон Ким мырза жиналған қауымды форумның басты мақсаты мен алға қойылған жоспарлармен бөлісті.
Джейсон мырзадан кейін сөз кезегі Samsung компаниясының маркетинг директоры Сергей Певневке берілді. Өз сөзінде Певнев мырза компанияның тарихына шолу жасап, үздік деп танылған өнімдерін атап өтті. Сондай-ақ, компания басшылары 2012 жылы жарыққа шығатын өнімдерді көрсетіп, өткен жылға талдау жасады.
Алғы сөзден кейін Samsung компаниясы көпшілік қауымды жаңа өнімдерімен таныстырды. Сандық және тұрмыстық техника өзінің функционалды қызметімен таң қалдырып, сыртқы келбетімен көздің жауын алады. Атап айтсақ, Series 9 теледидары, Series 9 ноутбугы, Wi-Fi и All Share Play функциясы орнатылған санды фотоаппараттар, телефондар мен планшеттерге арналған док-станциялар, Galaxy желісіндегі бірнеше смартфондар т.с.с. өнімдер көрсетілді.
Форумда Қазақстан, Ресей, Украина, Грузия, Армения, Әзірбайжан, Моңғолия, Өзбекстан, Қырғызстан елдерінен келген журналисттер мен серіктестерімен қатар, Samsung компаниясының қызметкерлері бас қосты.
Samsung CIS Forum 2012 шарасында назарға ұсынылған жаңа өнімдер туралы алдағы күнде толығырақ тоқталамын.