Үнді салтындағы зоомафизм көрінісі

Үнді салтындағы зоомафизм көрінісі
жеке
блог

www.kaznu.kz 

Әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Философия және саясаттану факультеті Дінтану мамандығының 3 курс студенті Лесбаев М.Н.

Жетекшісі аға оқытушы Тунгатова У.А. 

 

Жануарларды құдайландыру дәстүрі ертеден бастау алса да, ел ішінде әлі күнге дейін қасиетті түрде қастерленіп келуде.Ғибадат етуші адам жануарды қорлағаны үшін құқық бұзушылық бұрынғыдай қатыгездікпен жазаланбайтынымен, қасиеттілік белгісін қорлаған адам құрбандыққа шалынған . Бірақ төрт аяқтылардың бір немесе басқа өкіліне немқұрайлы қарауға  баратындарға заң әлі күнге дейін қатал. бұл үшін олар елден қуылады, немесе сотталады.

 

Әр мемлекеттің жануарға деген өзіндік культі бар, келеңсіз жағдайға тап болмас үшін бұл өлкеде кім киелі түрде құрметтелетінін анықтап, киелі нысанды барынша құрметтеуге тырысу керек. Елдегі басты культ – сиыр болып табылады, Сиыр кез келген жерде өзінің қалауынша жүре береді  және соның себебінен  көлік жолында да көптеген кептелістер орын алып жатады, оған жергілікті халық өте дұрыс жағынан қарайды және олар тиіспейді. Өткені Үнді мифологиясына сүйенер болсақ, қаза болғаннан кейін көкке жеткенше өзенді кешіп өту қажет. Мұны тек қана сиырдың құйрығына жалғану арқылы жүзеге асыруға болады деген түсініктері бар.

Былғары аяқ киіммен храмға кіруге және былғарыдан жасалған зергерлік бұйымдарды киюге тиым салынады .Және осы қасиетті жануарлардың құрметіне арнайы мерекелер мен кең көлемде Тайпусам мерекелері өткізіледі отырады , оларға касталар мен иеліктерге қарамастан бүкіл халық қатысады. Осы секілді мерекелердің негізгі мақсаты – ізгіліктің  жеңетінін көрсету болып табылады, бұл кезде экстазға айдалған үндістер тотемдік құдайға құрбандыққа дайын болғанының белгісі ретінде тіпті қолын немесе аяғын тесіп жіберуге дейін дайын болады. Үндістанға барар кезде осы секілді салт дәстүрлерін окып біліп алған дұрыс болады, өйткені Сиыр ға немесе осы секілді қасиетті жануарларға зарар тигізер болсаңыз сол елге кайта кіруге тиым салынады немесе соттау шаралары қолданылуы мүмкін.