Сен өз жеті атаңды білесің бе?

Сен өз жеті атаңды білесің бе?
жеке
блог

            Жеті ата (дәстүр) - қазақ халқының дәстүрлі салт-санасындағы адамның ата жағынан тегі таратылуының нақтылы жүйесі. Бала өзінен бастап әкесі, атасы, бабасы т.б., жеті атасының нақтылы есімдерін кішкентайынан жаттап өседі. Бұлардан тараған ұрпақтар бір атаның балалары саналады. Ал екінші жағынан баладан тарайтын ұрпақ әкеден төмен қарай жалғаса береді. Жеті атаға толмай, жақын-жуықтар бір-бірінен қыз алыспайды. Жеті атаға толған күннің өзінде, бір рудың жастары некелесетін жағдай туса, ру ақсақалдары бір пәтуаға келіп, боз биені сойып, баталасып барып рұқсат ететін болған.

              Ата тек атаулары: ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене.

              Бұдан әрі туыстық атаулар: жүрежат, туажат, жұрағат, жат жұрағат, жегжат, жамағайын болып кете береді. Соңғы түйіндеуші буын, әдетте, ру есіміне тіреледі немесе, керісінше, руынан бастап сатылып өз әкесіне яғни өзіне дейін тартылады:1)бала; 2)әке; 3)ата; 4)арғы ата; 5)баба; 6)түп ата; 7)тек ата.

               Өз ата-бабасын, жеті атасына дейін білу әрбір азамат үшін міндет болған және сол білігі арқылы ол өз халқының дәстүрін жалғастырып отырған. Жеті атадан Үш жүзге дейінгі біртұтас туысқандық бітім бірнеше ғасырлар бойы "қазақ халқы - бір атаның баласы, бір тамырдан тараған" деген ұстанымды орнықтырған.

               Ел тарихын зерделей біл, әр таңба, нышан, деректің тарих бетіндегі сырды айтатынын түсіне біл, жас өрен! Ал аталар таңбасы мен ұранын - елдіктің, ерліктің сыры ретінде жүрегіңде сақта! Алаш баласы, атаңды айтып бөлінбе! Бұл ұрандар - ердің рухын көтерген аталы да баталы сөздер, көненің хаты, текті елдің атадан балаға мирас рухани қазынасы!

 

                  АБАЙ АТЫНДАҒЫ РММИ

                  10 "В" СЫНЫП ОҚУШЫСЫ: МОЛДАХМЕТ АЯУЛЫМ