Саентология дін немесе ғылым ?

Саентология – адамның шынайы рухани болмысын және өзін-өзі, отбасымен, топтармен, адамзатпен, барлық тіршілік формаларымен, материалдық әлеммен, рухани әлеммен және Жоғарғы болмыспен қарым-қатынасын толық және сенімді түсінуге апаратын нақты жолды ұсынатын дін. Саентология тәнді немесе ақыл-ойды емес, рух мәселесін қарастырады және адам қоршаған ортасының немесе тегінің өнімі болғаннан да әлдеқайда көп мән мен мағынаға ие деп санайды.

 Саентология – бірқатар негізгі ақиқаттардан бастау алатын тұтас білім жүйесі болып табылғандықтан,  мұнда негізгілері болып табылатын адамның өлмейтін рухани тіршілік иесі және оның тәжірибесі бір адам өмірінен әлдеқайда ұзақ уақытқа созылатындығында , оның қабілеттері қазіргі уақытта толық іске аспаса да шексіз деп есептеліп, адамға өзіндік сенім ұялатады. Сонымен қатар, саентология адамның негізі жақсылықтан екенін және оның рухани құтқарылуы тек өзіне, басқа адамдарға және оның ғаламмен байланысқа қол жеткізуіне байланысты деп санайтындығы алға тартылады.

Саентология догматикалық дін болмағанымен де, бәрін сеніммен қабылдауды талап етеді. Сонымен қатар Саентология қағидаларының қайсысы дұрыс екенін өз тәжірибеңіз арқылы анықтау қажет, ол үшін осы принциптерді қолданып, сәйкесінше нәтижелеріне көз жүгіртіп, өз тәжірибеңіз негізінде көзқарас құрып , соған сүйене білу қажет . Саентологияның ең жоғары мақсаты – нағыз рухани ағартушылық пен еркіндік жай күйін орнату.

 Саентологияны дін ретінде анықтау үшін дүние жүзілік ғалымдар көп жағдайларда қолданатын үш критерийлердің барлығын да толығымен қанағаттандырады . Атап айтар болсақ қандай да бір жоғары ақиқатқа ие болу, яғни Жоғарғыға күшке немесе дүниелік өмірдің күшінен асып түсетін мәңгілік ақиқатқа сенусонымен қатар осы жоғары ақиқатты түсінуге, оған жетуге немесе бірлесуге бағытталған діни тәжірибелер және осы жоғары шындыққа ұмтылу үшін біріккен сенушілер қауымын жинақтау және бірлесе әрекет жасау.

Сонымен, саентология – бұл сөздің дәстүрлі мағынасында дін ретінде қарастырылып, жаңа діни ағымдар қатарына кіреді. Саентология адамға өзінің рухани болмысын және айналасындағылардың рухани болмысын тануға, демек, Құдайды жақсырақ түсінуге көмектеседі деп түсінеді.

Соның негізінде Саентологияның өзіндік ілімінде он мың жылдан астам бұрын пайда болған және үнді ведалары мен буддизмнің ең көне қасиетті мәтіндерінде кездесетін шындықтарды қамтитын діни дәстүрі бар.

Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Философия және саясаттану факультеті

Дінтану және мәдениеттану кафедрасы

3 курс студенті Аитқожаев М.Ж.

Жетекшісі : Тунгатова Ұ. А.

https://kaznu.kz      

 



Бөлісу: