Өркениет өзегі - аң стилі

Өркениет өзегі - аң стилі 17- сәуір күні Әл –Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті филология және әлем тілдері факультетінің ҚТӘ -104 тобының ұйымдастыруы, тарих ғылымдарының кондидаты, профессор Қозыбақова Ф.А жетекшілігімен тарих, археология және этнология факультеті Ғаббас Жұматов атындағы 426 –дәрісханада «Өркениет өзегі – аң стилі» тақырыбында ғылыми онлайн-конференция болып өтті. Конференция тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2018 жылдың 21 –қарашасында жариялаған «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласының негізінде, өткен ғасыр тарихын парақтап, аң стилі мәдениетінің өткені мен бүгіні, келешегі жайлы терең толғаныстар мен ізденістер аясында өткізілді. ​ Конференциямыздың басты ерекшелігі шет елдік азаматтарға рухани құндылықтарымызды дәріптеу мақсатымен АҚШ- тың Луизиана штаты, Луизиана мемлекеттік университетінің студенттерімен тікелей байланысқа шығып, аң стилі жайында мәліметтер беріп, Қазақстан аумағындағы аң стилінің көрнекті орындары, музейлер, қорымдар, алтын адам сияқты ұлттық байлықтарымызбен таныстырдық. Жиын соңында екі ел студенттері өзара кері байланыс жасап, сұрақ-жауап алысты. Ғылыми конференциямыз тарих ғылымдарының докторы Ә.Н.Ноянұлының қорытынды сөзімен өз мәресіне жетті. Сайын даланың самғау шыңына жетуі – ғасырлар бойғы байлығымыз бен мұрамыз, мәдениетіміздің төл бесігі – аң стилін дәріптеуден басталады. Ұлттық құндылықтарымыздың мәртебесін өсіретін де, өшіретін де – бізбіз. «Өркениет өзегі – аң стилі» тақырыбындағы онлайн-конференциямыз жоғарғы деңгейде өтті.


Бөлісу: