Неліктен қазақ дәстүрі жойылып бара жатыр ?

Қазақ халқы ерте кезден ақ ата бабасын мақтаған ,салт дәстүрін сақтаған дана халық еді .Әр тойдың алдында салт жораларын жасап ата дәстүрін ұлықтаған ұлт болатын.                                                                        

Заманнан ба ? әлде адамнан ба ? қазіргі таңда қазақ салт дәстүрлері тойланбай тіпті кей біреуі жойылыпта кетіп жатыр .

Не үшін жойылып жатыр ? және олар қандай дәстүрлер деген сұрақтарға осы мақаламыздан жауап таба аласыздар !

Дәстүрлердің жойылуының бірнеше себебі бар  

Оның біріншісі :

өзге елге еліктеу болып табылады . Ия қазіргі таңда көп қазақ -қазақи қасиетін жоғалтып бөгде мемілекеттердің салтына, әдет -ғұрпына еліктеп бастайды .Оған себеп еліміздің дәстүрі тас дәуірінде қалып кеткен деп санауы ,балаларға еркіндіктін берілмеуі ,кейбір дәстүрдің өмір сүруді қиындатуы , шектеу қойып тасталуы тб осындай мәселелер жатады .

Ал екінші себебіне келер болсақ ,көп қазақ азаматтарының орыстануы .Кеңес үкіметі кезіндегі қысымның ,жөн жоралардың таралуына тосқауыл болғаны айтпасақта түсінікті шығар . Сол санадан ояна алмай мәңгүрттеніп кеткен қазақ халқы салт дәстүрін ұмытып өзің кім екендерін танудан қалды . Тап осылай орыстанған қазақ жас жұбайлары бір бірімен қосылып нәтиежесінде қайырымсыз ұрпақ өсіруде . 

Үшінші себеп салт дәстүрлердің бұрмалануы .Көненің көзін көрген дәстүрлеріміздің әр ғасырда әртүрлі болып өзгеруі , қазақ халқының ой өрісін бұрмалап жіберді . Қазақи дәстүрдің қытайлық немесе жапондық үлгідегі әдет ғұрыптармен араласуы қоғамның адасуымен аяқталды

 .Міне осындай себептер қазақ салт дәстүрінің жойылуына әкеліп соғып отырғанына дәлелдеме болып отыр . Ал енді мүлде жойылып ,қоғам санасынан шығып қалған дәстүрлерді таныстырсақ.

1. Қой басты дәстүрі

Әуелде киіз басу ауыр жұмыстардың бірі болған. – Алдымен жүнді сабап, болғасын бояп, қайнатады, қептіріп алып болғаг соң орайды. Ораудың астынан арқан өткізгесін , жіптің шетінен ұстап, аяғымен теуіп отырып, үй-үйдің арасынан өткізген. Кез келген үйдің қасына келгенде "қой басты-қой басты" деп айқай салатын болған екен .

2.Қалау айту

Біреудің жақсы малына немесе мүлкіне көзі түскен кісі сол үйдің қожайынына немесе баласына, бәйбішесіне бағалы деген сыйлық әкеліп, сол адамның үйдегі өзінің көзі түсіп ,ұнатқан дүниені көрсетіп, "менің қалауым осы "деп айтады. Қонақжай қазақ халқы қонақтың қалауын қайтармай қалаған затын беретін болған .

3.Күйеу киімі салты .

 Күйеу жігітке тойға шығар алдында міндетті түрде °күйеу киімін° киюге тиіс болған . Алдынан шыққан жас қыз келіншектер мен жеңгелер күйеуді киімінен ажыратып танып алады. Сондықтан күйеу басқа жігіттерден салт бойынша ерекше киінеді. Оны өзгелерден айрықша қылу мақсатында бөркіне үкі тағып, қызыл шапан, биік өкшелі етік кигізген. Бөркін көзіне түсіріп басын төменге қаратып , кішілік көрсетіп тұрмаса айып төлейді немесе сөзге, күлкіге ұшырайды. Осы бетімен қыз келіншектердің ортасына түскен күйеу жігіт небір азапты әзіл қалжыңға төзеді. Оь мінген атты күйеу атымен • күл тасы• дегендей ауыл балалары мініп қызыққа толы кеш өткізеді .

4. Итаяғына салу

Итаяғына салу дәстүрі . Жас қыз келіншек ауылға қыдырып келгенде, немесе танысып ,есік көру үшін шақырғанда үлкен әжелер немесе әйелдер оған •итаяғына сал •деп күміс жүзік,сақина ,білезік сияқты әшекейлер беретін. «Итаяғына салу» деп келіншек босанып баланы шаранасынан жуатын суға яғни «шілде суына» яғни күміс жүзік, сақина, күміс түйме сияқты заттарды ыдысқа салып жіберіп, нәрестені жуындырады . Жуындырып болғаннан соң заттарды сол жердегі әйелдер ырым қылып бөлісіп алып, мәз мейрам болып тарқасады.

Жалпы қазақта осындай және өзгеде көптеген салт дәстүрлер кездеседі .Олардың көбісі бүгінгі таңда халық санасынан шығып,ұмыт болып барады .Ендігі біздің міндетіміз ,қалған салт дәстүрлерімізді насихаттап қоғам жадына қайта оралту .

Қазақи болмысымызды жоғалтпайық ағайын.



Бөлісу: